locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

2024 жылғы футзалдан Әлем чемпионаты. Қазақстан мінез көрсетіп, Португалияны жеңді.

Фото: официальный сайт FIFA

26 қыркүйек, бейсенбі күні футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында Португалия мен Қазақстан құрамалары кездесті. Ойын 2:1 есебімен қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды. Кака шәкірттері үзіліске 1:0 есебімен алда шыққанымен, екінші таймда португалиялық Те есепті теңестірді. Алайда шешуші голды Қазақстан құрамасының шабуылшысы Тұрсағұлов соқты.

Айта кетейік, қазақстандықтар D тобында Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен бірге екінші орын алды. Ал Португалия Марокко, Панама және Тәжікстан құрамаларымен E тобында бірінші орынды иеленді.

Португалия - Қазақстан - 1:2 (0:1)
Голдар: Есенаманов, 11 (0:1); Те, 21 (1:1); Тұрсағұлов, 40 (1:2)

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы 1/4 финалда қарсыласын ертең білетін болады. Аргентина мен Хорватия келесі кезеңге жолдаманы сарапқа салады, сондай-ақ ертең Тайланд пен Франция құрамалары да кездеседі. Осылайша 1/4 финалға қатысушылар толық анықталады. Бұған дейін Марокко Иранды 4:3 есебімен жеңген еді.