locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

2024 жылғы футзалдан Әлем чемпионаты. Аргентина финалда Бразилияға минималды есеппен есе жіберді

2024 жылғы футзалдан Әлем чемпионаты.  Аргентина финалда Бразилияға минималды есеппен есе жіберді

6 қазан күні футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионатының финалдық матчы Бразилия мен Аргентина құрамалары арасында өтті. Бірінші таймда бразилиялықтар толықтай басымдыққа ие болды. Олар қарсыластарынан жауапсыз екі гол соғып, үзіліске алтын медальдарға бір қадам жақын күйде кетті. Екінші жиырма минуттық нәтижелік жағынан аз болғанымен, шиеленіске толы болды. Аргентина бір голды қайтарып, матчтың соңғы сәттері Бразилия үшін аса алаңдатарлық болды. Дегенмен, бразилиялықтар 2:1 есебін сақтап қалып, әлем чемпиондары атанды.

2024 жылғы футзалдан Әлем чемпионаты. Финал
Бразилия – Аргентина 2:1 (2:0)
Голдар: Феррао, 6 (1:0); Сантос, 13 (2:0); Роса, 38 (2:1)

Сондай-ақ, бүгін, 6 қазан күні үшінші орын үшін матч өтіп, онда Украина құрамасы Францияны 7:1 есебімен жеңіп, турнирдің қола жүлдегері атанды. Турнир Өзбекстанда өтті.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы ширек финалда Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Аргентинаға 1:6 есебімен жеңіліп, турнирден шығып қалған еді.