locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Юки Цунода 2025 жылдан кейін Ред Булл командасынан кетуі мүмкін

Юки Цунода 2025 жылдан кейін Ред Булл командасынан кетуі мүмкін
ФОТО: Getty images

Юки Цунода 2025 жылы Red Bull Racing құрамына қосылады деп үміттенген еді, алайда оның орнына Макс Ферстаппеннің серіктесі Лиам Лоусон болды.

Жапондық AS-WEB басылымының мәліметінше, 2024 жылы бірден бірнеше команда Юкиге ұзақ мерзімді келісімшарттар ұсынған. Бұл командалар қатарында Sauber, Alpine және Haas болды. Алайда Red Bull Цуноданы жібермей, 2025 жылға дейін келісімшартты ұзартуды шешті.

Red Bull басшысы Кристиан Хорнер Юки үшін келесі жыл Red Bull құрамындағы соңғы маусым болуы мүмкін екенін меңзеді. Қазір жапондық пилот Honda қолдауына ие, ал 2026 жылдан бастап Honda Aston Martin командасының қозғалтқвш жеткізуші болады. Сондықтан бір жылдан кейін Цунода британдық командаға ауысуы ықтимал. Ол негізгі шабандоздардың орнын алмастыруы екіталай болғанымен, резервтік пилот ретінде келісімшартқа қол қоюы мүмкін.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie