locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Трамп McLaren көлігін жеке сынақтан өткізуі мүмкін

Формула-1 14 мау 2025 16:25
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Трамп McLaren көлігін жеке сынақтан өткізуі мүмкін
ФОТО: Getty images

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Формула-1 жарыс көлігін жүргізіп, жабық сынақтарға қатысуы мүмкін. Бұл жөнінде француздық Canal+ телеарнасының эфирінде комментатор Жюльен Фебро мәлімдеді.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, тест келесі аптада АҚШ-тың Техас штатындағы Остин қаласындағы трассада өтуі ықтимал. Айта кетейік, дәл осы трассада жыл сайын Формула-1 күнтізбесіндегі маңызды кезең - АҚШ Гран-приі өткізіледі.

Дональд Трамп автоспортқа деген қызығушылығымен бұрыннан танымал. Биыл ол Формула-1 маусымының алтыншы кезеңі — Майами Гран-приіне арнайы барып қатысты. Сонымен қатар, бұған дейін NASCAR Cup Series маусымының ашылуы — аты аңызға айналған «Дэйтона-500» жарысын да тамашалаған болатын.

Қазіргі таңда McLaren командасы Формула-1 чемпионатының екі есебінде де көш бастап тұр: Конструкторлар кубогында және жеке шабандоздар рейтингінде.

Айта кетейік, Формула-1-дің келесі кезеңі Канадада өтеді. Канада Гран-приі 15 маусым күні өтеді, ал жарыстың басталуы Астана уақытымен 23:00-ге жоспарланған.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie