locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Шумахер Хэмилтонның «Ferrari» командасындағы жағдайына алаңдаулы

Формула-1 23 сәу 2025 14:50
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Шумахер Хэмилтонның «Ferrari» командасындағы жағдайына алаңдаулы
ФОТО: Getty images

Жеті дүркін әлем чемпионы Льюис Хэмилтон 2025 жылғы маусымда ««Ferrari»» сапында күткен нәтижелерді көрсете алмай келеді. Маусым басынан бері британдық шабандоз жүлдеге таласа алмай жүр, бұл жағдай сарапшылар арасында алаңдаушылық туғызуда. Бұрынғы Формула-1 жүргізушісі Ральф Шумахер Хэмилтонның «қызыл» командадағы психологиялық қиындықтары туралы өз ойымен бөлісті.

«Мен бұл жағдайды өз тәжірибемнен білемін: егер осылай жалғаса берсе, бәрі көңілсіз бола бастайды. Бір күні таңертең оянып, «Мен мұны не үшін жасап жүрмін? Бұдан ешқандай ләззат алмаймын, тек командамның жолына бөгет болып жүрмін» деп ойлауы мүмкін. Бір сәтте: «Мен бұдан әрі бұлай жалғастырмаймын. Мен 40 жастамын, байлығым да жетеді, өзімді бұлай қинауға хақым жоқ» деуі ғажап емес», - деді Шумахер.

Формула-1 әлем чемпионатының соңғы кезеңі Сауд Арабиясында өтті. Бұл жарыста Хэмилтон жетінші орынмен шектелді. Ал жеңіс «McLaren» командасының аустралиялық шабандоз Оскар Пиастридің еншісінде болды.

Льюис Хэмилтон Формула-1 тарихындағы ең көп жеңіске жеткен жүргізуші және жеті дүркін әлем чемпионы. Бұл атақты ол Михаэль Шумахермен бөліседі.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie