locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Шанхайды да бағындырды. Хэмилтон трасса тарихындағы ең жылдам айналым жасады

Формула-1 21 нау 2025 06:50
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Шанхайды да бағындырды. Хэмилтон трасса тарихындағы ең жылдам айналым жасады
ФОТО: Getty images

Формула-1-дің жеті дүркін әлем чемпионы Льюис Хэмилтон өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. “Феррари” сапында өнер көрсетіп жүрген британдық шабандоз Қытайдағы Гран-при аясында өткен спринт-іріктеуде ең үздік нәтижені тіркеп, алдағы спринтке поул-позицияны иеленді.

Хэмилтон бұл сессияда тек қарсыластарын ғана емес, уақытты да басып озды — оның көрсеткіші 1:30.849 болды. Бұл 2018 жылы Себастьян Феттель орнатқан алдыңғы рекордтан 0.246 секундқа жылдам. Шанхай трассасында жаңа тарих жазылды.

Екінші орынды “Макларен” шабандозя Оскар Пиастри иеленді. Ол Хэмилтоннан небәрі 0.018 секундқа ғана қалып қойды. Үздік үштікті қазіргі әлем чемпионы, “Ред Булл” сапындағы Макс Ферстаппен түйіндеді (+0.080 секунд).

Төртінші орында — Шарль Леклер (“Феррари”), одан кейін Джордж Расселл (“Мерседес”) және Ландо Норрис (“Макларен”).

Ал “Ред Буллдың” екінші шабандозы Лиам Лоусон үшін бұл сессия сәтсіз аяқталды — ол барлық қатысушылардың арасында ең баяу нәтиже көрсетті.

Тағы да оқыңыздар: Макс Ферстаппен енді бірінші емес: оның рекордтық үстемдігі бұзылды

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie