Серхио Перес мансабының аяқталуға жақындағанын мойындады
"Ред Булл" командасының жүргізушісі Серджио Перес 2025 жылы командада ойнауды жалғастыруға ниетті екенін айтқанымен, оның мансабының аяқталуына жақындағанын мойындады.
"Мен Максқа қарағанда жасым үлкен, сондықтан мансабымның соңғы кезеңінде тұрмын. 34 жастамын. Балаларым — менің өмірімнің басты мәні, олар үлкен жаста, маңызды кезеңге келіп жатыр. 24 жарыс, үлкен күш-жігер мен толық концентрацияны талап ететін бұл кезең ұзаққа созылмайды.
Менің мансабымның аяқталуы жақындап қалды, бірақ мен оны толықтай қанағаттанып, жақсы естеліктермен аяқтағыым келеді. Болашақта жастармен, әсіресе өзімнің отандастарыммен жұмыс істегім келеді. Формула-1 танымалдылығы артып келеді, біз үшін өз еліміздің пелотонда өкілінің болуы өте маңызды. Мексикада Формула-1-ге қызығушылық өсіп жатыр, сондықтан бұл үрдістің жалғаса беруіне үміттенемін", — дейді Перес GP Blog-ке.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52