locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Red Bull уақытша қымызбен ауыстырылды: Макс Ферстаппеннің жеке ұшағы Алматыда байқалды

Формула-1 02 сәу 2025 15:57
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Red Bull уақытша қымызбен ауыстырылды: Макс Ферстаппеннің жеке ұшағы Алматыда байқалды
ФОТО: Getty images

Формула-1 чемпионы Макс Ферстаппеннің Dassault Falcon 8X үлгісіндегі жекеменшік ұшағы Қазақстан аспанында байқалды. Авиациялық трекерлердің мәліметіне сәйкес, ұшақ Алматы облысына қонып, Жамбыл, Ұлытау және Абай облыстарының үстінен ұшып өткен.

Әзірге бұл қону техникалық сипатта болғаны айтылуда. Ұшақ Жапонияға бағыт алған болуы мүмкін, өйткені алдағы күндері онда Формула-1 жарысының келесі кезеңі өтеді.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты ерекше қызығушылықпен қабылдады. Кейбіреулер тіпті: «Макспен бір қалада болу - арман еді, бірақ дәл осылай боларын күтпедік», — деп әзілдеуде.

Айта кетейік, Ферстаппен биылғы маусымда көш бастап келеді және тағы бір чемпиондық титулға басты үміткер.

Ферстаппеннің болашағы Red Bull үшін басты мәселеге айналды. Mercedes тарихи трансферге жол ашуда

ФОТО: Х, Max Verstappen’s Jet
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie