Ред Булл Рикардомен қоштасады: оның орнын Лоусон басады
“Ред Булл” ресми түрде австралиялық пилот Даниэль Риккардомен қоштасқанын хабарлады. Сингапурдағы Гран-при оның “бұқалар” үшін соңғы жарысы болды және мүмкін мансабындағы да соңғы жарысы болуы ықтимал.
Өткен маусымда команда үшін бес Гран-приге қатысқан Лиам Лоусон Риккардоның орнын маусым соңына дейін алмастырады.
Кейбір дереккөздерге сәйкес, Риккардо Формула-1-де мансабын жалғастыруы мүмкін, өйткені оған РБ амбассадоры болу ұсынылды. Дегенмен, австралиялық шабандоз бұл ұсынысты әлі қабылдаған жоқ және ойлануға уақыт алды.
Риккардо “Ред Булл”, “Рено”, “Макларен” және РБ командалары сапында өнер көрсетті. Ол 258 Гран-приге қатысып, 8 жарыста жеңіске жетіп, үш рет поул-позициядан бастаған.
Хоккей
Бүгін 04:02
Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:34
Формула-1
Бүгін 02:34