Ральф Шумахер жиенінің болашағы жайлы: "Оның Формула-1-ге қайта оралуы қиынға соғады"
Бұрынғы Формула-1 шабандозы Ральф Шумахер “Кик-Заубер” командасының келесі маусымда Габриэл Бортолетоны құрамға қосу туралы шешімін талқылап, бұл оның жиені Мик Шумахердің Формула-1-ге қайта оралу мүмкіндігін айтарлықтай төмендететінін атап өтті.
“Формула-1 — өте қатал бизнес. Сұрақ туындайды: Мик резервтегі жүргізуші болып қала ма, әлде өз мансабын төзімділік жарыстарында (WEC) жалғастыра ма? Өкінішке қарай,оның Формула-1-ге қайта оралуы қиынға соғады. Мик соңғы уақытта көптеген қиындықтарға тап болды. Мысалы, “Альпин” командасында орын алмайтынын әлеуметтік желі арқылы естуі оған ауыр тиді. Бұл шешіммен келісу оған оңай емес, бірақ ол алға жылжуы тиіс”, — деді Шумахер.
Айта кетейік, 2023 жылдың ақпанында Мик Шумахердің McLaren командасында резервтік жүргізуші болатыны хабарланған болатын.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49