locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Норрис Пиастримен бәсекелестігі туралы: Әрқайсымыз кімнің мықты екенін дәлелдегіміз келеді

Формула-1 26 нау 2025 10:35
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Норрис Пиастримен бәсекелестігі туралы: Әрқайсымыз кімнің мықты екенін дәлелдегіміз келеді
ФОТО: Getty images

McLaren командасының шабандозы Ландо Норрис командаласы Оскар Пиастримен арадағы ішкі бәсеке туралы пікір білдірді.

Оның айтуынша, әрқайсысы жеңіске ұмтылғанымен, бір-біріне көмектесу де маңызды.

«Біз жақсы уақыт өткізіп жүрміз, бірақ әрқайсымыз кімнің мықты екенін дәлелдегіміз келеді. Бұл — қалыпты жағдай. Сондықтан оны жасырудың еш мәні жоқ. Біз екеуміз де бәсекелеспіз және әрқайсымыз жеңіске жетуді қалаймыз»,— деді Норрис F1technical басылымына берген сұқбатында.

Британдық шабандоздың айтуынша, бұл ішкі күрес команда ішіндегі ынтымақты бұзбайды.

«Біз бір-бірімізге көмектесеміз. Жақында өткен жарыста қол жеткізген жетістігіміз осының нәтижесі деп ойлаймын. Біз бір-біріміздің деңгейімізді көтеріп жатырмыз».

Қытайдағы Гран-при кезінде Оскар Пиастри мансабындағы алғаш рет бірінші орын алды. Ал Норрис екінші болып келіп, McLaren үшін қос жүлде алып берді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie