Норрис Ферстаппеннің жарыс барысындағы және оның өмірдегі мінез-құлқын жоғары бағалады
“Макларен” пилоты Ландо Норрис 2024 маусымындағы шиеленіскен бәсекеден кейін Макс Ферстаппенді құрметтейтінін айтып өтті.
“Бір жағынан, адамның жеке мінез-құлқы мен басқалармен қарым-қатынасы оның жарыстағы әрекеттерінен мүлдем өзгеше болуы мүмкін деп ойлауға болады. Мен алғаш рет осындай жағдайға тап болып отырмын, уақыт көрсетеді, бәрі қалай өзгеретінін көреміз. Қазірше мен Максты құрметтеймін, ол да мені құрметтейді деп ойлаймын. Бірақ жылдың соңында бұл сұрақты тағы да қойған дұрыс болар.
Ол өзіне дұрыс деп есептеген нәрсені жасайды, және бұл әділ. Мүмкін, оның әрекеттері әрдайым дұрыс бола бермейтін шығар, бірақ біз бәріміз сол сәтте дұрыс деп санағанымызды жасаймыз”, — деді Норрис GP Blog басылымына берген сұхбатында.
Чемпионатта Ферстаппен 392 ұпай жинап, Норристен 61, ал Леклерден 85 ұпай алда келеді.
Хоккей
Бүгін 04:15
Футбол
Бүгін 03:45