Михаэль Шумахердің әйгілі болиді Нью-Йорктегі аукционға қойылды
Нью-Йорктегі RM Sotheby’s аукцион үйі жеті дүркін “Формула-1” чемпионы Михаэль Шумахердің 2006 жылы Фернандо Алонсоға қарсы титул үшін күрескен Ferrari 248 F1 болидін саудаға шығарды.
Атақты неміс шабандозы Михаэль Шумахердің “Формула-1” жарысында қолданған болиді Нью-Йоркте сатылымға қойылды. RM Sotheby’s аукцион үйінің лоты ретінде ұсынылған Ferrari 248 F1 – Шумахердің 2006 маусымында өнер көрсеткен болиді. Сол жыл жеті дүркін әлем чемпионы үшін “Ferrari” құрамындағы соңғы маусымы болды, ол бұл командаға 11 жылын арнаған. 254 шасси нөмірлі бұл автомобиль Шумахерді бес рет жеңіс тұғырына шығарды.
Дәл осы болидте Шумахер өзінің сүйікті шабандозы Айртон Сеннаның рекордын жаңартып, поулдар саны бойынша жаңа белесті бағындырған болатын.
Аукцион 19 қарашаға дейін жалғасады. Қазіргі иесі бұл болидті 2007 жылдың желтоқсанында “Ferrari” компаниясынан тікелей сатып алған. Келесі иесіне бұл көлікке ие болу үшін қомақты қаражат қажет болуы мүмкін: 2022 жылдың қарашасында Шумахердің 2003 маусымындағы болиді 14,69 миллион швейцар франкына (14,85 млн еуро) сатылған еді. Сарапшылардың пікірінше, қазіргі болидтің бағасы одан да жоғары болуы ықтимал.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52