McLaren дублі және топ шабаноздардың дисквалификациялары: Қытай Гран-приінің нәтижесі


Оскар Пиастри 2025 жылғы “Формула-1” маусымының екінші кезеңінде бірінші болып келіп, Қытай Гран-приінің жеңімпазы атанды.
McLaren командасының шабандозы жарысты поул-позициядан бастап, көшбасшылықты сенімді сақтап қалды. Бұл - Пиастридің мансабындағы үшінші, ал биылғы маусымдағы алғашқы жеңісі.
Екінші орынға оның командаласы Ландо Норрис тұрақтады. Биыл британдық ұжым маусымдағы алғашқы дублін жасады. Үздік үштікті Mercedes өкілі Джордж Расселл түйіндеді.
Жарыс соңында Льюис Хэмилтон, Шарль Леклер және Пьер Гасли техникалық регламентті бұзғаны үшін нәтижелерден шеттетілді. ФИА тексерісі олардың көліктерінен ереже бұзушылықтар анықтаған.
Жарысты ұпай аймағында аяқтап, ұпай еншілегендер қатарында Макс Ферстаппен, Эстебан Окон, Андреа Кими Антонелли, Алекс Элбон және Оливер Берман да бар.

Теннис
Кеше 23:15


Басқа спорт түрлері
Кеше 16:29