Маусым үшін 75 миллион доллар : Forbes Формула-1 шабандоздарының табысын жариялады
Forbes басылымы Формула-1 шабандоздарының жылдық табыстары бойынша дәстүрлі рейтингін жариялады. Тізімнің көшбасшысы — төрт дүркін әлем чемпионы, “Ред Булл” командасының өкілі, нидерландтық Макс Ферстаппен. Оның жалпы табысы 75 миллион долларды құрады.
Forbes нұсқасы бойынша Формула-1-дегі ең жоғары жалақы алатын 10 шабандоз:
1. Макс Ферстаппен (“Ред Булл”) — $75 млн (60 млн жалақы + 15 млн сыйақы).
2. Льюис Хэмилтон (“Мерседес”) — $57 млн (55 млн жалақы + 2 млн сыйақы).
3. Ландо Норрис (“Макларен”) — $35 млн (12 млн жалақы + 23 млн сыйақы).
4. Фернандо Алонсо (“Астон Мартин”) — $27,5 млн (24 млн жалақы + 3,5 млн сыйақы).
5. Шарль Леклер (“Феррари”) — $27 млн (15 млн жалақы + 12 млн сыйақы).
6. Джордж Расселл (“Мерседес”) — $23 млн (15 млн жалақы + 8 млн сыйақы).
7. Оскар Пиастри (“Макларен”) — $22 млн (5 млн жалақы + 17 млн сыйақы).
8. Серхио Перес (“Ред Булл”) — $19,5 млн (12 млн жалақы + 7,5 млн сыйақы).
9. Карлос Сайнс (“Феррари”) — $19 млн (10 млн жалақы + 9 млн сыйақы).
10. Пьер Гасли (“Альпин”) — $12 млн (10 млн жалақы + 2 млн сыйақы).
Естеріңізге сала кетейік, биыл Формула-1 чемпионы атағын Макс Ферстаппен жеңіп алып, Ландо Норрис пен Шарль Леклерден артта қалдырды.
Теннис
Бүгін 05:21
Футзал
Бүгін 04:43
Футзал
Бүгін 03:08