locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Макс Ферстаппен командаласы Перестің соңғы сәтсіздіктері жайлы өз пікірімен бөлісті

Формула-1 30 қаз 2024 04:50
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Макс Ферстаппен командаласы Перестің соңғы сәтсіздіктері жайлы өз пікірімен бөлісті
ФОТО: Getty images

27 жастағы үш дүркін Формула-1 чемпионы, “Ред Булл” командасының шабандозы Макс Ферстаппен Мексика Гран-приінде 17-орын алған мексикалық командаласы Серхио Перестің нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

“Қазіргі уақытта бұл біздің ең үлкен мәселеміз емес деп ойлаймын. Бізге алдымен көлікті жақсарту керек, себебі болид жақсы болса, Чеко да жақсарады. Бірақ мен осындай сценарийлер жайлы ойламаймын, тек өзімнің көлігімде жылдам болуым туралы ойлаймын. Остинде үміт артатын нәтиже көрсеттік, бірақ Мексикада біз сәтсіздікке ұшырадық. Бразилияда қайтадан бәсекеге қабілетті боламыз деп үміттенемін”, – деп келтіреді Ферстаппеннің сөзін Racingnews365 басылымы.

Бұған дейін GPblog басылымы Бразилия Гран-приінің мексикалық шабандоз үшін соңғы жарыс болуы мүмкін екенін хабарлады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie