Макс Ферстаппен Катардағы Гран-приден кейін Расселге деген құрметін жоғалтқанын мойындады
Формула 1-дің қазіргі әлем чемпионы Макс Ферстаппен Катар Гран-приінің іріктеу кезеңінде орын алған оқиғаға байланысты Джордж Расселге деген құрметін жоғалтқанын мәлімдеді. Британиялық шабандоз стюардтардан Ферстаппенге жаза тағайындауды сұраған.
“Мен стюардтар бөлмесінде отырып, болған жайтты бақылағанда қатты таңғалдым. Шынымды айтсам, бұл мені қатты қынжылтты. Мен әрдайым Формула 1-де біз бір-бірімізге құрметпен қараймыз деп ойлайтынмын. Әрине, мұндай жағдайларда бұрын да болдым, бірақ біреудің бәрін осылай ашық алдауға тырысқанын бірінші рет көріп тұрмын. Осы оқиғадан кейін мен Расселге деген құрметімді жоғалттым”, — деп келтіреді Ферстаппеннің сөзін PlanetF1.
Айта кетейік, Ферстаппен іріктеу кезеңінде кезінде тым баяу жүргені үшін старттық торда бір позицияға төмендету жазасын алды. Ал Расселдің айтуынша, ол баяу айналымдар кезінде Ферстаппеннің көлігіне соғыла жаздаған.
Баскетбол
Бүгін 02:16
Хоккей
Бүгін 01:50