locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Макс Ферстаппен әдепсіз сөз қолданғаны үшін жазаланды

ФОТО:  Getty images

Формула-1 чемпионы Макс Ферстаппен өз көлігінің нашар жағдайын сипаттау барысында бейәдеп сөз қолданды, сол үшін бірден Максқа ескерту берілді. Бұл жағдай голландиялық автошабондазға ұнамады:

“Бізге 5 жас емес қой, дұрыс па? Тіпті менің сұхбатымды балалар көрсе де, не айырмашылығы бар? Олар бәрібір өскенде балағат сөздерді қолданады, бұл – болмай қоймайтын нәрсе”.-дейді Макс.

Автоспорт федерациясы бұл пікірмен келіспеді: олардың айтуынша, автошабандоз көпшіліктің алдында мұндай лексиконды қолданбауы керек, өйткені ол көптеген адамдар үшін үлгі болып табылады.