Льюис Хэмилтон: 39 жасымда 22 жастағы кезімнен де жақсы жүргізіп жүрмін
Формула-1
14 қаз 2024 03:46
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Льюис Хэмилтон: 39 жасымда 22 жастағы кезімнен де жақсы жүргізіп жүрмін
Формула-1-дің жеті дүркін чемпионы Льюис Хэмилтон қазіргі жарыс формасы туралы пікір білдіріп, 39 жасында жылдамдығын жоғалтпағанын, тіпті оны жақсартқанын атап өтті.
“Шынымды айтсам, қазір өзімді бұрынғыдан да жақсы сезінемін. Мен физикалық және моральдық тұрғыдан керемет жағдайдамын. Реакциям әлі де жас жігіттерден жылдам. Мен қазір 22 жасымдағы кезімнен де жақсы жүргіземін деп ойлаймын. Ол кезде мен тек жас, энергияға толы, аяусыз едім, бірақ командалық ойыншы және көшбасшы болуды білмедім. Жақсы жарысушы болу үшін жылдамдық жеткіліксіз, жан-жақты болу керек”, – деп Хэмилтонның сөзін Crash басылымы келтіреді.
Еске сала кетейік, жылдың соңында Льюис Хэмилтон “Феррари” командасына ауысады.
Танымал жаңалықтар