«Әлеуетімді толық жүзеге асырғым келеді». Ландо Норрис ішкі күресі мен мотивациясы жайлы


McLaren командасының шабандозы Ландо Норрис Формула-1-дегі өз нәтижелері мен ішкі күйі туралы шынайы пікір білдірді. Маусымды сәтті бастағанына қарамастан, британдық спортшы кейде өзіне тым қатал қарайтынын мойындады.
«Шынымды айтсам, мен көбіне сәтсіздіктер мен теріс сәттерге көбірек көңіл бөлемін. Жақсы нәрселерден гөрі, керісінше жағдайларға көп ой жүгіртемін. Бұл дұрыс емес екенін түсінемін, сондықтан бұл көзқарасымды өзгертіп, өзіммен жұмыс істеуім керек. Өз әлеуетімді толық жүзеге асырғым келеді, бірақ дәл қазір ол деңгейге жетпегендеймін. Сол себепті қуану үшін нақты себеп те көріп тұрған жоқпын. Иә, өзіме тым талапшылмын, бірақ оның 95 пайызы пайдаға жұмыс істейді деп ойлаймын», - деді Норрис.
2025 жылғы маусымда Ландо тұрақты нәтиже көрсетіп, әрбір кезеңде ұпай жинап келеді. Осы тұрақтылықтың арқасында ол жеке есепте екінші орнына көтерілді.
Бұған дейін, Формула-1 басшылығы жарыстардың қызықтылығын арттыру мақсатында техникалық регламентке бірқатар өзгеріс енгізуді жоспарлап жатқаны хабарланған болатын.

Футбол
Кеше 18:07

Футбол
Кеше 17:27

Футбол
Кеше 16:59