locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Ландо Норрис:"Біз айтарлықтай артта қалдық.Уақытты тиімді пайдалану үшін тым көп жұмыс жасау керек"

Формула-1 13 қыр 2024 17:02
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Ландо Норрис:"Біз айтарлықтай артта қалдық.Уақытты тиімді пайдалану үшін тым көп жұмыс жасау керек"
ФОТО: Getty images

Ландо Норрис жұма күнгі жаттығу нәтижелері бойынша MCL38 көлігі бәсекелестерінен жылдамдығы жағынан айтарлықтай төмен екенін айтып, McLaren-ның Әзірбайжан Гран-приінде сәттілікке деген үмітін төмендетті.

Бірінші жаттығуда Норрис пен оның әріптесі Оскар Пиастри төртінші және алтыншы орындарды иеленді және алғашқы орындағы Макс Верстаппеннен жарты секундқа жуық уақыт ұтылды. Екінші айналымда Пиастри ең жылдам бесінші уақытты көрсетіп, Ферраридің шабандозы Леклерктен жарты секунд ұтылып қалды.

Норрис екінші жаттығуда жұмсақ шиналардағы жылдам айналымды аяқтай алмады. Ұзақ кезеңдерге назар аудара отырып, 24 жастағы жігіт MCL38-тің қарсыластарымен салыстырғанда жылдамдығына көңілі толмайтынын білдірді және бәсекеге қабілетті уақытқа жету үшін тым көп тәуекелге барғанын мойындады.

Норристің айтуынша, McLaren басқа командалардан айтарлықтай артта қалды және іріктеу басталғанға дейін қарқынды жақсарту керек. F1TV арнасына берген сұхбатында ол:

«Біз айтарлықтай артта қалдық. Мен уақытты тиімдә пайдалануым үшін тым көп жұмыс істеуім керек және бұл анық. Менің ойымша, Оскардың ұстанымы біздің жылдамдығымызды дәлірек көрсетеді. Егер бәрі ойдағыдай болса, біз бәсекелестерімізге жақын боламыз, бірақ мен [бәсекелестер] өздерін әлі максималды көрсетпегеніне сенімдімін»,-деп атап өтті.

«Біз Mercedes, Ferrari және Red Bull-ға жақындау үшін көп жұмыс істеуіміз керек. Бұл командалар бір-біріне өте жақын, сондықтан біз бен олардың арамызда секундтың үш-төрт оннан бір бөлігіндей алшақтық бар. Бізді алда көп жұмыс күтіп тұр», - деп қосты ол.

Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 17:00-де Әзірбайжанда Формула-1 жарысының 17-ші кезеңінің іріктеу кезеңі өтеді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie