Карлос Сайнс Мексикада жеңіске жетті: чемпиондық үшін күрес шиеленісті
“Феррари” командасының испандық шабандозы Карлос Сайнс Мексикадағы Гран-при кезеңінде жеңіске жетіп, осы маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді.
Сайнс мәреге бірінші келіп, “Маклареннің” өкілі Ландо Норристен төрт секундқа озып кетті. Үздік үштікті тағы бір “Феррари” шабандозы Шарль Леклер түйіндеді. Одан кейінгі орындарды “Мерседестің” пилоттары Льюис Хэмилтон мен Джордж Расселл иеленді. “Ред Булл” командасының қазіргі Әлем чемпионы Макс Ферстаппен бұл жолы алтыншы орынға табан тіреді.
Ферстаппен 362 ұпаймен жеке есепте көш бастап келеді. Екінші орындағы Ландо Норрис өз арақашықтығын 47 ұпайға дейін қысқартты. Үшінші орында тұрған Шарль Леклер Ферстаппеннен 71 ұпайға артта.
Конструкторлар Кубогының есебінде “Макларен” 566 ұпаймен көш бастап тұр. “Феррари” 537 ұпаймен екінші орынға көтерілсе, “Ред Булл” 512 ұпаймен үшінші орынға түсті.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52