Қымыз шабыттандырды ма? Ферстаппен Жапонияда рекорд орнатты


«Red Bull» командасының шабандозы Макс Ферстаппен Жапониядағы «Формула-1» кезеңінің ңрңктеуінде топ жарды. Ол шешуші айналымда 1:26.983 уақыт көрсетіп, Себастьян Феттельдің 2019 жылы орнатқан 1:27.064 нәтижесін жаңартты.
Екінші орынды «McLaren» көшбасшысы Ландо Норриске иеленді, ол Ферстаппеннен бар болғаны 0,012 секундқа қалып қойды. Ал үшінші нәтиже тағы бір «McLaren» шабандозы Оскар Пиастриге (+0,044) тиесілі болды.
«Red Bull» командасының жаңа шабандозы Юки Цунода 15-орынға тұрақтаса, оның орнына «Racing Bulls» командасына кеткен Лиам Лоусон 14-ші нәтиже көрсетті.
Негізгі жарыс 6 сәуір күні өтеді. Астана уақытымен 10:00-де басталады.
Жуырда Ферстаппеннің жеке тікұшағы Алматыда байқалған болатын. Көпшілік бұл сапар қымызбен байланысты болуы мүмкін деп қалжыңдап жатыр. Бәлкім, дәл сол шабыт шабандозға рекорд жаңартуға көмектескен шығар.

Теннис
Кеше 23:15


Басқа спорт түрлері
Кеше 16:29