Хэмилтон Ferrari-ден көңілі қалғаны туралы қауесеттерді жоққа шығарады: Бос сөз


Жеті дүркін әлем чемпионы Льюис Хэмилтон 2025 жылғы маусымда Ferrari командасына ауысып, жаңа ұжыммен екі Гран-приге қатысты. Нәтижелер әлі де күткен деңгейде болмаса да, британиялық пилот көңілі қалғаны туралы қауесеттерді жоққа шығарды.
«Менің командаға сенімім жоғалды деп айтқандар болды - бұл бос сөз. Мен бұл командаға 100 пайыз сенемін. Әрине, жылдың басында үлкен үміт пен қызығушылық болды, бірақ бірден жеңістер мен чемпиондықты ешкім де шын мәнінде күткен жоқ деп ойлаймын»,- деді Хэмилтон журналистерге берген сұқбатында.
Хэмилтонның екінші жарысы Қытай Гран-приі жанжалға ұласты. Жарыстан кейінгі техникалық бақылау кезінде Шарль Леклер мен Пьер Гаслидің болидтері отынды төккен соң 800 келі минималды салмақтан 1 келі жеңіл болып шықты. Осы себепті, Льюис Хэмилтон да жарыс нәтижелерінен шеттетілді.

Теннис
Кеше 23:15


Басқа спорт түрлері
Кеше 16:29