Хаас командасының бұрынғы басшысы Макс Ферстаппен мансабын Мерседесте жалғастырады деп ойлайды
Формула-1
02 қаз 2024 16:32
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Хаас командасының бұрынғы басшысы Макс Ферстаппен мансабын Мерседесте жалғастырады деп ойлайды
"Хаас" командасының бұрынғы басшысы Гюнтер Штайнердің пікірінше, "Ред Булл" командасының голландиялық шабандозы Макс Ферстаппен мансабын "Мерседесте" жалғастырады.
"Менің ойымша, Макс "Мерседеске" ауысады. Оны күтіп тұрған бірнеше нұсқа бар, бірақ 2026 жылы мен оны тек "Мерседесте" көремін. Егер Макс кететін болса, Кристиан Хорнерге "Ред Булл" үшін топ-шабандоз қажет болады. Ол үшін Джордж Рассель лайықты үміткер болар еді", — деді Штайнер Crash.net сайтына берген сұхбатында.
Ф-1 жеке есебінде 18 кезеңнен кейін Ферстаппен 331 ұпаймен көш бастап тұр. Оның "Ред Булл" командасымен келісімшарты 2028 жылдың соңына дейін жарамды.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52