Формула-1. Араға 10 жыл салып қатарға жаңа команда қосылады
“Формула-1” американдық General Motors корпорациясымен келісімге келіп, “Кадиллак” командасын чемпионат қатысушылары қатарына қосты.
“General Motors пен “Кадиллак” командасының бұл жобадағы қатысуы – біздің спорттың дамуының маңызды белгісі. Біз бұл жаағдайдың алға ілгерлеуін күтіп отырмыз және барлық тараптармен табысты ынтымақтастық болатынына сенімдіміз”, – деп атап өтті “Формула-1” басшысы Стефано Доменикали.
“Кадиллак” “корольдік жарыстарға” 2026 жылы дебют жасайды, ал General Motors командаларға қозғалтқыш жеткізуші болады. Бұл қадам соңғы он жылдағы “Формула-1” спортындағы алғашқы қатысушылар құрамының кеңеюі болмақ.
2024 жылғы маусымда чемпионатта он команда қатысады: итальяндық “Альфа Таури” мен “Феррари”, британдық “Астон Мартин”, “Макларен” және “Уильямс”, француздық “Альпин”, америкалық “Хаас”, немістің “Мерседес”, аустриялық “Ред Булл” және швейцариялық “Заубер”.
Макс Ферстаппен чемпиондық саны бойынша Формула-1 аңыздарына теңесті.
Хоккей
Бүгін 10:33
Басқа спорт түрлері
Бүгін 09:43
Хоккей
Бүгін 07:30