Формула-1 аңызы: Джордан 76 жасында өмірден өтті
Формула-1
20 нау 2025 06:44

Арсен Алиев
Редактор

ФОТО: Getty Images
Формула-1-дегі "Джордан" командасының негізін қалаушы және бұрынғы иесі Эдди Джордан 77 жасына қараған шағында қайтыс болды. Журналист Эндрю Бенсонның хабарлауынша, ол 2025 жылғы 20 наурыз күні таңертең Кейптаунда отбасымен бірге болған кезінде өмірден өткен.
Өлімінің себебі – ауыр сырқат. Соңғы бір жыл ішінде Эдди қуық және қуықасты безінің қатерлі ісігімен күрескен. 2024 жылдың желтоқсанында ол өзінің диагнозы туралы ашық айтып, химиялық терапиядан өткеніне қарамастан, аурудың жазылмайтын түріне ұшырағанын жеткізген еді.
Эдди Джордан автоспорт әлемінде өшпес із қалдырды. Дәл оның басшылығымен Михаэль және Ральф Шумахерлер Формула-1-дегі дебютін жасады. Ал "Джордан" командасы жаһандық автоспорт тарихына жарқын беттерін жазды.
Танымал жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек