locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Ферстаппен Red Bull командасынан кетуі мүмкін деген сыбыстарға жауап берді

Формула-1 17 сәу 2025 18:19
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Ферстаппен «Red Bull» командасынан кетуі мүмкін деген сыбыстарға жауап берді
ФОТО: Getty images

Red Bull командасының шабандозы Макс Ферстаппен маусымның сәтсіз басталуына байланысты өз есімі айналасында өрбіген кетуі мүмкін деген жиілеген сыбыстарға жауап берді.

«Бұл сыбыстар жайлы ештеңе білмеймін. Мен тек жұмысымды жалғастырып, көлікті жақсартуға тырысып жүрмін. Бахрейндегі уикенд шынымен көңіл көншітпеді. Бірақ біз берілмейміз және болидті жетілдіру үшін түрлі идеяларды сынап көрудеміз. Қазіргі бәсеке өте жоғары, сондықтан бар назарымды жұмысқа аударып отырмын», - деп келтіреді Ферстаппеннің сөзін Motorsport.

Ол өз болашағы туралы әңгімені айналасындағылар қозғап жүргенін, ал өзі тек жұмысқа көңіл бөлгісі келетінін айтты.

«Мен туралы бәрі айтып жүр, тек өзім емес. Менің бар ойым - көлікті жетілдіріп, жұмысымды жалғастыру».

Бұған дейін де Ферстаппен Red Bull көлігінің басты мәселесі - шиналармен тұрақсыз жұмыс екенін атап өткен еді.

Төрт кезеңнен кейін нидерландтық шабандоз чемпионаттың жекелей есепте үшінші орында тұр. Оның еншісінде 69 ұпай бар. Оны McLaren командасының екі шабандозы - Ландо Норрис (77) пен Оскар Пиастри (74) басып озды. Олар Бахрейндегі жарқын нәтижеден кейін көш бастады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie