locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Ешқандай мүмкіндік жоқ». Михаэль Шумахердің денсаулығына қатысты жаңа жағдайлар белгілі болды

Формула-1 28 нау 2025 08:46
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
«Ешқандай мүмкіндік жоқ». Михаэль Шумахердің денсаулығына қатысты жаңа жағдайлар белгілі болды
ФОТО: Getty images

«Формула-1» спортының жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахердің хәлі әлі де ауыр. Ол өздігінен сөйлей алмайды және күнделікті өмірде толықтай өзге адамдардың көмегіне мұқтаж.

Қайғылы жағдай 2013 жылдың 29 желтоқсанында Францияның Мерибель курортында орын алды. Шумахер тау шаңғысында сырғанап жүріп, тасқа басымен соғылды. Нәтижесінде, дәрігерлер оның миының екі жарты шарында ауыр зақым анықтап, дереу медикаментозды комаға түсірді. Содан бері ол толық оңалту кезеңінен өтуде және тәулік бойғы күтімді қажет етеді.

Немістің RTL арнасының журналисі Феликс Горнер Шумахер отбасына жақын адам ретінде оның қазіргі жағдайын сипаттап берді. Оның айтуынша, Михаэль сөйлей алмайды және ең қарапайым әрекеттердің өзіне көмек қажет.

Финляндиядағы нейрохирургия және бас-ми жарақаттары бөлімінің басшысы Юсси Пости бұндай жағдайда әдетте жарақаттан кейінгі алғашқы екі жылда тұрақтанып, одан кейін айтарлықтай жақсару сирек кездесетінін айтты.

Шумахердің отбасы, әсіресе жұбайы Коринна, оның жеке өмірін қатты қорғайды. Сондықтан ақпарат құралдарында оның денсаулығы туралы мәліметтер өте сирек жарияланады.

Осы уақытта Михаэльдің ұлы Мик Шумахер кәсіби мансабын жалғастырып, «Формула-1» жарысына оралуды армандап жүр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie