Екі бауыр бір командада: Формула-1 тарихындағы тұңғыш оқиға
Артур Леклер, “Феррари” командасының шабандозы Шарль Леклердің інісі, “Абу-Даби Гран-приі” аясындағы алғашқы жаттығуға қатысады. Бұл туралы “Скудерияның” баспасөз қызметі хабарлады.
24 жастағы монаколық шабандоз “Ферраридің” болидінде испандық Карлос Сайнсты алмастырады.
“Біз “Формула-1” тарихын жасап жатырмыз! Шарль мен Артур Леклер “Абу-Даби Гран-приінің” алғашқы жұма күнгі жаттығуында бір командадағы серіктестер ретінде өнер көрсетеді. Мұны жіберіп алмаңыз!” — делінген итальяндық команданың әлеуметтік желілердегі мәлімдемесінде.
Осылайша, “Формула-1” тарихында алғаш рет екі бауыр бір командада өнер көрсетеді.
Айта кетейік, 2023 жылдың желтоқсанында Артур Леклер “Ферраридің” жарыс академиясынан шығарылды. Алайда, ол “Скудерия” отбасының мүшесі болып қала бермек.