locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Cadillac? Перес Red Bull-дан кеткеннен кейін болашағы туралы ашық айтты

Формула-1 30 нау 2025 08:47
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Cadillac? Перес Red Bull-дан кеткеннен кейін болашағы туралы ашық айтты
ФОТО: Getty images

2024 жылғы маусым аяқталған соң Серхио Перес Red Bull командасынан кетті және ол қосалқы шабандоз ретінде де басқа ұжымға қосылған жоқ. Бірақ мексикалық шабандоз үшін бұл тоқырау емес - жаңа жолдың басы.

Қазір БАҚ өкілдері Пересті Cadillac жобасымен байланыстырыла бастады. Бұл команда алдағы маусымда Формула-1 жарыстарына алғаш рет қатыспақ. Перес барлық сыбыстарға жауап беріп,, жақында қайта оралатынын айтты.

«Өзіме алты ай уақыт бердім. Осы аралықта барлық мүмкіндіктерді қарап, қай бағытқа қадам басатынымды анықтағым келеді. Қазір менің алдымда бірнеше ашық есік тұр. Не қалайтынымды өзім шеше аламын. Сондықтан шешімді асықпай, ойланып қабылдағым келеді», — деді ол Prodynamics сайтына берген сұқбатында.

Оның орнына Red Bull командасына келген Лиам Лоусон небәрі екі жарысқа ғана қатысып, орнын Юки Цунодаға босатты. Бұл шешім тіпті Макс Ферстаппеннің көңілінен шықпаған көрінеді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie