Әбу-Даби Серхио Перес команда да қалу үшін соңғы мүмкіндік болмақ
Формула-1
Кеше 05:55
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty images
“Ред Булл” командасы Серхио Переспен 2024 жылғы Формула-1 маусымының соңында қоштасуы мүмкін екенін PlanetF1 басылымы хабарлады. Басылым мәліметінше, мексикалық спортшы Абу-Даби Гран-приінде ерекше нәтиже көрсетпесе, оны басты командадан шығару туралы шешім қабылданады.
Оның орнына үміткерлердің көшін Лиам Лоусон бастап тұр. Сонымен қатар, оның “Ред Буллдағы” әріптесі Юки Цунода да жоғары сатыға көтерілу мүмкіндігін сақтап келеді.
Егер Лоусон немесе Цунода негізгі командаға ауысатын болса, олардың орнын “Ред Булл” академиясының тағы бір өкілі Исак Хаджар басуы мүмкін. Қазіргі уақытта Хаджар Формула-2 чемпиондығы үшін “Кик-Заубердің” болашақ шабандозы Габриэл Бортолетомен күресіп жатыр.
Танымал жаңалықтар
Баскетбол
Бүгін 02:16
Хоккей
Бүгін 01:50