locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Біз үшін сәтсіз жыл». Карлос Сайнс «Реалдың» ЧЛ-дан ұшып кетуі жайлы

Формула-1 18 сәу 2025 09:30
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images

«Уильямс» командасының испандық шабандозы, әрі «Реалдың» жанкүйері Карлос Сайнс сүйікті клубының Чемпиондар лигасының ширек финалында жарыстан шығып қалуына байланысты өз пікірін білдірді.

Оның айтуынша, Анчелотти шәкірттерінің Еуропа аренасындағы өнері биыл үмітті ақтамады.

«Бұл матчты есіме салғандарыңызға рақмет. Жай ғана масқара. Біз үшін сәтсіз жыл. Мадрид жақсы ойнаған жоқ», – деді Сайнс SoyMotor порталына берген сұқбатында.

«Реал» лондондық «Арсеналдан» қос кездесудің қорытындысы бойынша 1:5 есебімен ұтылып, ЧЛ-дағы жорығын аяқтады. Бұл нәтиже биылғы маусымдағы ең күтпеген жағдайлардың бірі болды.

Карлос Сайнстың өзі де оңай кезеңді бастан өткеріп жатқан жоқ. Бахрейндегі Гран-прида ол мәреге жете алмай, 19-орынмен шектелді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie