locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Аустралия Гран-приі: Ландо Норрис маусымның алғашқы жарысында жеңіске жетті

Формула-1 16 нау 2025 03:10
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Аустралия Гран-приі: Ландо Норрис маусымның алғашқы жарысында жеңіске жетті
ФОТО: Getty images

16 наурызда Мельбурндегі “Альберт-Парк” қалалық трассасында 2025 жылғы Формула-1 маусымының алғашқы Гран-приі – Аустралия жарысы өтті. Көпшілік күтпеген нәтижемен “Макларен” шабандозы Ландо Норрис жеңіске жетті. “Ред Булл” өкілі Макс Ферстаппен екінші орынға тұрақтаса, “Мерседес” жүргізушісі Джордж Расселл үшінші болып келді.

Жарыс қиын ауа райы жағдайында, яғни жаңбырлы трассада өтті. Бұл бірден алты шабандоздың жарыстан шығып қалуына әкелді. “Феррари” командасының шабандоздары Шарль Леклер мен Льюис Хэмилтон қате шешім қабылдап, дер кезінде ортаңғы шиналарға ауыспай, көп уақыт жоғалтты. Соның салдарынан Леклер сегізінші, ал Хэмилтон оныншы болып мәреге жетті.

Формула-1 маусымының екінші кезеңі – Қытай Гран-приі, 21-23 наурыз аралығында өтеді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie