Қарсыластарына мүмкіндік қалдырмады: Макс Ферстаппен Жапониядағы Гран-приде жеңіске жетті
Формула-1
06 сәу 2025 03:50

Аружан Темірбек
Редактор

ФОТО: Getty images
Судзукада өткен «Формула-1» маусымының үшінші кезеңі – Жапония Гран-приінің жеңімпазы Red Bull командасының шабандозы Макс Ферстаппен атанды.
Жарысты поул-позициядан бастаған нидерландиялық спортшы бірде-бір қарсыласына мүмкіндік бермей, сенімді жеңіске жетті.
Екінші және үшінші орындарды McLaren командасының өкілдері Ландо Норрис пен Оскар Пиастри иеленді. Олар жарыс барысында жақсы қарқын көрсеткенімен, Ферстаппенге қарсы тұра алмады.
Жеті дүркін әлем чемпионы Льюис Хэмилтон бұл кезеңді жетінші орынмен аяқтады.
Макс Ферстаппен соңғы он жылда қатарынан кемінде бір жарыста жеңіске жетіп келе жатыр. Бұл оның тұрақты және жоғары деңгейдегі өнерінің айқын дәлелі.
Танымал жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек