locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Андреа Стелла: " Егер, Оскар бізге көмектескісі келсе, бұл спорттық ұстанымына қайшы келмеуі керек"

Формула-1 12 қыр 2024 13:46
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
 Андреа Стелла: " Егер, Оскар бізге көмектескісі келсе, бұл спорттық ұстанымына қайшы келмеуі керек"

McLaren басшысы Андреа Стелла Оскар Пиастридің команданы тастап кетуі мүмкін деген соңғы жаңалықтарға жауап берді.

«Монцадағыдай жағдайлар қайталмауы керек, бірінші айналымда 1-2 позицияның орнына 1-3 позицияға түсіп қалдық. Біз екі жүлдені де жеңіп алғымыз келеді және Бакуге осы мақсатқа жету үшін не істеу керектігін нақты түсініп келдік.

Сонымен қатар, біз Ландоның жеңісін әділетсіз жолмен қамтамасыз еткіміз келмейді. Бұл біздің команданың философиясына сәйкес емес. Егер, Оскар бізге көмектескісі келсе, бұл спорттық ұстанымына қайшы келмеуі керек. Біз чемпионатта лас жолмен жеңіске жетуді мақсат етпейміз»,-дейді директор.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оскар Пиастридің командадан кетуі мүмкін деген қауесеттер тараған болатын, себебі ол Ландо Норристің көлеңкесінде қалғысы келмейді.