Вальядолид – Атлетико: 2024 жылдың 1 желтоқсанында өтетін матчқа болжам
Ла Лиганың 15-турында “Вальядолид” өз алаңында “Атлетиконы” қабылдайды. Матч “Эстадио Хосе Сорилья” стадионында өтеді.
Командалар турнирлік деңгей бойынша әртүрлі орында болғанымен, “Ателтико” үшін бұл ойын оңай болмауы мүмкін.
“Вальядолид” – “Атлетико”: негізгі статистика мен трендтер
• “Вальядолид” Ла Лигадағы қатарынан 4 матчта жеңіске жете алмады.
• “Атлетико” соңғы 6 ойында жеңіске жетіп келеді.
“Вальядолид” – команданың жағдайын талдау
Атақты бразилиялық Роналдоға тиесілі команда Ла Лигадағы осы маусымның басты аутсайдері болып табылады. Қазіргі таңда олар Испания чемпионатының 14 матчында небәрі 9 ұпай жинап, турнир кестесінде соңғы орында тұр.
Өткен ойында Пауло Пеццоланоның шәкірттері “Хетафеге” қарсы өте маңызды матчта 0:2 есебімен жеңіліп, қарсыласын өздерінен 4 ұпайға ұзатып алды.
“Атлетико” – команданың жағдайын талдау
“Атлетико” дағдарысты сәтті еңсеріп, жеңіс жолына қайта оралды деуге болады. Қазіргі уақытта олар Ла Лиганың турнир кестесінде 14 матчтан кейін 29 ұпаймен 3-орында тұр және көшбасшы “Барселонадан” небәрі 5 ұпайға қалып келеді. Команданың қорғанысы чемпионаттағы ең үздік көрсеткішке ие – небәрі 8 гол жіберген.
Апта ішінде “Атлетико” Чемпиондар лигасы аясында сырт алаңда “Спартаға” қарсы өте сенімді ойнап, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
“Вальядолид” – “Атлетико”: болжамды құрамдар
“Вальядолид” (болжамды құрам): Хейн – Лукас Роза, Торрес, Санчес, Ба, Перес – Ануар, Кике Перес, Юрич, Моро – Силла.
“Атлетико” (болжамды құрам): Облак – Галан, Хименес, Витсель, Молина – Альварес, Галлахер, Коке, Де Пауль – Гризманн, Серлот.
“Вальядолид” – “Атлетико”: алдыңғы ойындар
Командалар арасындағы кездесулер жиі өтіп тұрады – барлығы 118 матч. Жеңістер бойынша есеп 30:62, “Атлетиконың” пайдасына. Мадридтік клуб соңғы 14 кездесудің 13-інде жеңіске жетті, ал “Вальядолид” оларды соңғы рет 2009 жылы жеңген.
Матчқа болжам
Қарсыластық тарихы мен турнир кестесіндегі қазіргі жағдайды ескере отырып, ойын нәтижесіне күмән жоқ. Біздің болжам – “Атлетиконың” жеңісі, коэффициенті 1.59.
1.99
Англия Премьер-Лигасы
Бүгін, 07:30
1.78
Англия Премьер-Лигасы
Бүгін, 10:00
1.61
Англия Премьер-Лигасы
Бүгін, 10:00
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 | Кайрат | 24 | 47 |
2 | Астана | 24 | 46 |
3 | Актобе | 24 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 35 |
8 | Кайсар | 24 | 34 |
9 | Кызылжар | 24 | 29 |
10 | Женіс | 24 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 23 |
12 | Туран | 24 | 20 |
13 | Шахтёр Караганды | 24 | 10 |