Спортинг – Арсенал: 2024 жылдың 27 қарашасында өтетін матчқа болжам
Чемпиондар лигасының 5-турында “Спортинг” өз алаңында “Арсеналды” қабылдайды. Ойын “Эштадиу Жозе Алваладе” стадионында өтеді.
Күтпеген жерден алаң иелері Чемпиондар лигасының турнирлік кестесінде қонақтардан 3 ұпайға озып кеткенін айта кеткен жөн,
“Спортинг” – “Арсенал”: негізгі статистика мен трендтер
• “Спортинг” маусымда негізгі уақытта бірде-бір матчта жеңілген жоқ.
• “Арсенал” соңғы 6 ойынның тек екеуінде жеңіске жетті.
“Спортинг” – команданың жағдайын талдау
Лиссабондық клубтың бас бапкері Рубен Аморим қызметінен кетті, оның орнына Жоау Перейра тағайындалды. Жаңа бапкердің алғашқы матчы сәтті өтті – команда Португалия кубогында “Амарантты” 6:0 есебімен тас-талқан етті.
Қазіргі уақытта “арыстандар” Португалия чемпионатының көшін бастап тұр. Олар мүмкін болған 33 ұпайдың бәрін жинап, ең үздік шабуыл (39 гол) және ең сенімді қорғаныс (5 гол жіберілген) көрсеткіштеріне ие.
Чемпиондар лигасында да бәрі керемет: “Лилль” (2:0), “Штурм” (2:0), ПСВ (1:1) және “Ман Ситимен” (4:1) өткен матчтардан кейін 10 ұпай жинап, топтық кезеңде 2-орынды иеленуде.
“Арсенал” – команданың жағдайын талдау
“Канонирлер” әлі тұрақсыздық кезеңінде. Қазір лондондық клуб Англия премьер-лигасының турнир кестесінде 12 матчтан кейін 22 ұпаймен 4-орында тұр.
Еуропалық турнирде де жағдай көңіл көншітпейді: “Аталанта” (0:0), “ПСЖ” (2:0), “Шахтер” (1:0) және “Интермен” (0:1) өткен ойындардан кейін небәрі 7 ұпай жинады. Бұл плей-офф аймағына шығуға жеткіліксіз, бірақ қосымша матчтарға қатысуға мүмкіндік береді.
Халықаралық үзілістен кейін “Арсенал” бір ғана матч өткізді, бірақ өте сенімді – “Ноттингемді” 3:0 есебімен жеңді.
“Спортинг”: команда жаңалықтары
Командада жарақат алған ойыншылар аз. Нуну Сантуш, Зеки Дебаст және Педру Гонсалвеш бұл матчқа қатыспайды.
“Арсенал”: команда жаңалықтары
“Канонирлердің” жарақаттар тізімі айтарлықтай қысқарды. Қазіргі уақытта тек негізгі қорғаушы Бен Уайт пен клубқа аса қажет емес Киран Тирни ғана жарақаттан емделуде.
“Спортинг” – “Арсенал”: болжамды негізгі құрамдар
“Спортинг” (болжалды құрамы): Исраэль – Матеус Рейс, Диоманде, Дебаст – Араухо, Педру Гонсалвеш, Тринкау, Юлманд, Морита, Кенда – Дьокереш.
“Арсенал” (болжалды құрамы): Райя – Тимбер, Габриэл, Салиба, Уайт – Мартинелли, Мерино, Парти, Сака – Хавертц, Троссард.
“Спортинг” – “Арсенал”: жеке кездесулер
Бұл командалар өзара 4 матч өткізген, оның үшеуі тең есеппен аяқталған – дәл соңғы үш ойын. Тағы бір ойында “Арсенал” жеңіске жеткен.
Матчқа болжам
Рубен Аморим кеткеннен кейін “Спортинг” өз суперформасын сақтай ма, белгісіз. Сондықтан, екі команданың нәтижелілігіне сеніп, "Тотал 2.5 көп" ұтысына 1.83 коэффициентімен бәс тіккен дұрыс.
1.54
Англия Премьер-Лигасы
27 жел 2024, 14:30
1.88
Бельгия про-лигасы
27 жел 2024, 14:45
1.99
Португалия Примейра-лигасы
27 жел 2024, 15:15
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 | Кайрат | 24 | 47 |
2 | Астана | 24 | 46 |
3 | Актобе | 24 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 35 |
8 | Кайсар | 24 | 34 |
9 | Кызылжар | 24 | 29 |
10 | Женіс | 24 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 23 |
12 | Туран | 24 | 20 |
13 | Шахтёр Караганды | 24 | 10 |