Словения құрамасы - Қазақстан құрамасы: 2024 жылдың 9 қыркүйегінде өтетін матчқа болжам
Дүйсенбі, 9 қыркүйек күні Ұлттар Лигасының B дивизионы 3-топ аясында Словения мен Қазақстан құрамалары арасындағы матч өтеді. Ойын Словения астанасы Люблянадағы “Стожице” стадионында болады. Осы жылғы Еуропа чемпионатында Словения құрамасы жоғары нәтиже көрсетті: 3 тең ойын ойнады және пенальти сериясында бір жеңіліс. Нәтижесінде, турнирдің плей-офф кезеңіне ұшып кетті, дегенмег құраманың ойыны жайлы жағымды пікірлер жинады. Ал Қазақстан құрамасы керісінше Еуро-2024 турниріне шыға алмады. Іріктеу плей-оффында қазақстандықтар Грекия құрамасына 5:0 есебімен жеңілді.
Матч Астана уақытымен 23:45-те басталады.
Словения құрамасы - Қазақстан құрамасы: негізгі статистика:
- Словения құрамасы 6 матч бойы жеңіске жете алмай келеді.
- Қазақстан құрамасы 5 ойын бойы жеңіске жеткен жоқ.
- Словения құрамасының соңғы 6 ойынында 2,5 голдан аз гол соғылды.
- Қазақстан құрамасы соңғы 5 матчтың 4-інде 2,5 голдан артық жіберді.
- Словения құрамасы соңғы 5 ойында 3-ақ гол соқты.
Словения құрамасы - формасына талдау:
Матяш Кек шәкірттері Еурода жақсы нәтиже көрсетті. Еуропалық аренадағы төрт ойынды тең аяқтап, тек 1/8 финалда Португалия құрамасына пенальти сериясында жол берді. Ұлттар Лигасындағы алғашқы матчта австриялықтармен тең ойнап, 1:1 есебімен матчты аяқтады. Словениялықтар қорғаныста нық ойнап, шабуылда Шпорар мен Шешко секілді шабуылшылардың жылдамдығына сенім артады. Словения құрамасы классикалық 4-4-2 жүйесімен ойнайды, бұл жерде команданың барлық мүшелерінің өз рөлін орындауы маңызды, жеке ойыншыларды бөліп көрсету қиын. Еуро алдында Матяш Кек шәкірттері 2 жолдастық матч өткізді: 1 жеңіс, 1 тең ойын.
Қазақстан құрамасы - формасына талдау:
Станислав Черчесовтың командасы Норвегия құрамасынан күтпеген жерден ұпай алып, Алматыда 0:0 есебімен тең ойнады. Бұл нәтиже командаға оң әсер ететін болады, тіпті келесі матчта жеңіске шабыт беруі мүмкін. Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеуден өте алмады, бірақ оған өте жақын болды, топта да, іріктеу плей-оффында да. Соңғы 5 матчта қазақстандықтар жеңіске жете алмады: 1 тең ойын, 4 жеңіліс. Қазақстан құрамасы 5-4-1 жүйесімен ойнайды, бұл жерде қорғаныстағы Қасым, Марочкин және Әліп үштігінің рөлі маңызды. Черчесовтың командасы Словенияға қарсы матчта қарымта шабуылдарға сенім артып, ортада қысым жасап, қарсыластың айып алаңына жақындауына жол бермеуге тырысады.
Словения құрамасы, команда жаңалықтары:
Негізгі құрам дүйсенбі күні ойнауға дайын.
Қазақстан құрамасы, команда жаңалықтары:
Барлық ойыншылар Ұлттар Лигасының келесі турында ойнауға дайын.
Словения құрамасы - Қазақстан құрамасы: мүмкін болатын бастапқы құрамдар:
Словения құрамасы (мүмкін құрам): Видовчек - Брекало, Дркушич, Бийол, Янза - Стоянович, Церин, Элсник, Ловрич - Шешко, Шпорар.
Қазақстан құрамасы (мүмкін құрам): Шацкий - Быстров, Қасым, Марочкин, Әліп, Вороговский - Оразов, Тағыберген, Зайнутдинов, Чесноков - Айымбетов.
Словения құрамасы - Қазақстан құрамасы: өзара кездесулері:
Құрамалар Еуро-2024 турниріне іріктеуінде екі рет кездесті: екі ойында да Словения 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Словения құрамасы - Қазақстан құрамасы матчына тегін болжам:
Құрамалар бір-біріне ойнауға кедергі келтіріп, алаңда көп тартысты ойын болатыны анық. Бұл матчта көп гол соғылмайды деп күтеміз. Біз 1,44 коэффициентімен
Словения құрамасының жеңісін болжап отырмыз.
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 | Кайрат | 24 | 47 |
2 | Астана | 24 | 46 |
3 | Актобе | 24 | 43 |
4 | Ордабасы Шымкент | 24 | 42 |
5 | Тобол | 24 | 39 |
6 | Спартак Семей | 24 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 35 |
8 | Кайсар | 24 | 34 |
9 | Кызылжар Петропавловск | 24 | 29 |
10 | Женис | 24 | 24 |
11 | Жетысу Талды-Курган | 24 | 23 |
12 | Туран | 24 | 20 |
13 | Шахтёр Караганды | 24 | 10 |