Славия-Лилль: матчқа болжам 28 тамыз 2024 жыл
Славия - Лилль: 2024 жылдың 28 тамызындағы матчқа болжам
29 тамыз , бейсенбі күні чехиялық "Славия” мен француздық "Лилль" командалары арасында жауапты матч өтеді. Француздар мен чехтар маусымды шілденің соңында бастағандықтан, екі команда да ойынға толықтай дайындықта келіп отыр. "Славия" “Лилльге” қарсы алғашқы матчқа дейін 6 ойында да 6 жеңіске жеткен болатын. "Лилльде” де ұқсас жағда: 4 жеңіс, 1 тең ойын.
Матч 29 тамыз, Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.
"Славия" - "Лилль": негізгі статистика:
- "Лилль" өткен маусымда Франция Чемпионатында бір матчта 2,7 "үлкен мүмкіндік" жасаса, "Славия" бір ойында 2,5 мүмкіндікке ие болды.
- "Славия" чемпионаттағы 35 ойында 76 гол соғып, тек 24 гол жіберіп алды.
- "Лилль" чемпионаттағы 34 ойында 52 гол соғып, 34 гол жіберді.
- "Лилльдің" жеңіске жету мүмкіндігі 36% құраса, ал "Славияның" жеңіске жету мүмкіндігі 34%-ды құрайды. Тең ойын мүмкіндігі 30%.
"Славия" - формасын талдауы:
"Славия" бапкері Йиндрих Трпишовски ішкі чемпионатта қатарынан 4 ойын жеңді. Сонымен қатар, Чемпиондар Лигасының 3-ші іріктеу кезеңінде "Унион Сент-Желлуа" (Бельгия) командасын екі рет жеңді - 3:1 және 1:0.
"Лилльден" жеңіліс - бұл жай ғана әдеттен тыс болды. Өйткені, бұған дейін чехиялық команданың қарсыластарының деңгейі төмендеу немесе теңдей болды.
"Славия" өткен матчта 3-4-3 жүйесін қайталады, алайда оң нәтиже көрсете алмады. Жауапты матчта "Славия" өз жанкүйерлерінің алдында ойнайды, сондықтан олар тезірек өз қалыптарына қажет. Клубта Иван Шранц, Лукаш Провод және жас талант Мацей Юрашик сияқты сапалы ойыншылар бар.
"Лилль" - формасын талдауы:
"Лилль" маусымды сенімді бастады: 4 жеңіс және 1 тең нәтиже. Женезио жастармен жұмыс істеу шебері ретінде танымал. Ол біртіңдеп негізгі құрамға Нгалае Мукау, Итан Мбаппе, Аарон Малуда сияқты жас ойыншыларды тартуда.
Алдыңғы матчта “Лилль” қарсыласына жауапсыз 2 гол соғып, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне бір қадам жақындады. Соңғы 5 ойынның 4-інде "Лилль" кем дегенде екі голдан соқты.
Женезионың командасы Франция Чемпионатынығң 3-туры аясында ПСЖ-ға қарсы өтетін матчы да назардан тыс шығармайды, сондықтан қатты тәуекелге бармайды. Ойынға арналған жүйе - 5-2-3, тіреуші ретінде Андре мен Харальдссон ойнайды.
"Славия" Парага, команда жаңалықтары:
Трпишовски жауапты матчта Лукаш Масопуст пен Томаш Влчекке сенім арта алмайды.
"Лилль", команда жаңалықтары:
Прагадағы жауапты ойынға Набиль Бенталеб, Самуэль Умтити, Аким Зедадка, Айсса Манди, Энджел Гомес секілді ойыншылар қатыса алмайды.
"Славия" - "Лилль": алаңға шығуы мүмкін бастапқы құрамдар:
"Славия" (мүмкін құрам): Кински - Холеш, Огбу, Зима - Юрашек, Дорли, Зафеирис, Диуф - Шранц, Чори, Провод
"Лилль" (мүмкін құрам): Шевалье - Менье, Диаките, Рибейро - Сантос, Харальдссон, Андре, Гудмундссон - Жегрова, Кабелла - Дэвид
"Славия" - "Лилль": өзара кездесулер:
Командалар тек үш рет кездескен, және сол үш ойында да жеңіс “Лилльге” тиесілі.
"Славия" - "Лилль" матчына тегін болжам:
Ойындарын болжау қиын жұп. Бір жағынан, "Лилльге" 2:0 есебімен алған нәтижесін сақтау оңайырақ, ал екінші жағынан, "Славия" көп гол соғуға дайын. Матчта тең нәтиже болатынын 3,40 коэффициентімен болжаймыз.
1.86
Конференция лигасы
12 жел 2024, 10:30
1.54
Еуропа Лигасы
12 жел 2024, 12:45
1.68
Еуропа Лигасы
12 жел 2024, 15:00
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 | Кайрат | 24 | 47 |
2 | Астана | 24 | 46 |
3 | Актобе | 24 | 43 |
4 | Ордабасы Шымкент | 24 | 42 |
5 | Тобол | 24 | 39 |
6 | Спартак Семей | 24 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 35 |
8 | Кайсар | 24 | 34 |
9 | Кызылжар Петропавловск | 24 | 29 |
10 | Женис | 24 | 24 |
11 | Жетысу Талды-Курган | 24 | 23 |
12 | Туран | 24 | 20 |
13 | Шахтёр Караганды | 24 | 10 |