«Шеффилд Юнайтед» – «Сандерленд»: 2025 жылдың 24 мамырындағы матчқа болжам







Англия Чемпионшипінің плей-офф финалында «Шеффилд Юнайтед» мен «Сандерленд» кездеседі. Ойын Лондондағы әйгілі «Уэмбли» стадионында өтеді.
Бұл матчтың жеңімпазы келесі маусымда әлемдегі ең үздік чемпионат саналатын АПЛ-да өнер көрсетеді.
«Шеффилд Юнайтед» – «Сандерленд»: негізгі статистика мен трендтер
• «Шеффилд Юнайтед» қатарынан 4 матчта жеңілген жоқ
• «Қылыштар» соңғы 7 ойында да гол соқты
• «Сандерленд» соңғы 8 ойында тек 1 мәрте жеңіске жетті
• «Қара мысықтардың» соңғы 5 кездесуінің тек біреуінде ғана «Екі команда да гол соғады» бәсі өткен
«Шеффилд Юнайтед»: команда жағдайын талдау
«Қылыштар» Чемпионшипте өте сенімді маусым өткізді – 46 ойында 90 ұпай жинады. Алайда «Бернли» мен «Лидс» секілді азулы қарсыластардың көлеңкесінде қалып, үздік екі орыннан тыс қалды. Нәтижесінде команда маусымды 3-орынмен аяқтап, плей-офф арқылы АПЛ жолдамасына таласуға мүмкіндік алды.
Жартылай финалда «Шеффилд Юнайтед» «Бристольді» қос матчта да 3:0 есебімен жеңіп, финалға шықты.
«Сандерленд»: команда жағдайын талдау
«Сандерленд» соңғы он жылдағы ең сәтті маусымын өткізді. Команда 46 матчта 76 ұпай жинап, турнирлік кестеде 4-орынға жайғасты және плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Жартылай финалда «Сандерленд» «Ковентриді» екі кездесудің қорытындысы бойынша 2:1 және 1:1 (қосымша уақытта) есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
«Шеффилд Юнайтед» – «Сандерленд»: болжамды құрамдар
«Шеффилд Юнайтед»: Купер – Берроуз, Ахмедходжич, Робинсон, Гилкрист – Пек, Винисиус, Хамер, О’Хэр, Рак-Сакьи – Кэмпбелл
«Сандерленд»: Мур – Серкин, Мифем, О’Нин, Хьюм – Мандл, Беллингем, Нил, Робертс – Изидор, Ригг
«Шеффилд Юнайтед» – «Сандерленд»: жеке кездесулер
Қос команда бұған дейін 148 рет кездескен. Жалпы жеңістер саны бойынша артықшылық «Сандерлендте» – 67:55. Соңғы 5 ойынның үшеуінде ғана «Тотал көп (2.5)» және «Екі команда да гол соғады» бәсі өткен.
Матчқа болжам
Мұндай жауапты кездесуде командалар қорғанысқа көп көңіл бөледі деп ойлаймыз. Бәс: Тотал аз (2.5). Коэффициент — 1.51.

2.23

Клубтар арасындағы Әлем чемпионаты
Бүгін, 15:00
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 |
![]() |
13 | 30 |
2 |
![]() |
13 | 27 |
3 |
![]() |
13 | 26 |
4 |
![]() |
11 | 24 |
5 |
![]() |
12 | 20 |
6 |
![]() |
12 | 18 |
7 |
![]() |
11 | 16 |
8 |
![]() |
12 | 14 |
9 |
![]() |
13 | 12 |
10 |
![]() |
12 | 11 |
11 |
![]() |
12 | 11 |
12 |
![]() |
12 | 10 |
13 |
![]() |
12 | 10 |
14 |
![]() |
14 | 4 |

