Шеффилд Юнайтед – Сандерленд: 2024 жылдың 30 қарашасындағы матчқа болжам
Чемпионшиптің 18-турында “Сандерленд” сырт алаіда “Шеффилд Юнайтедке” қарсы ойнайды. Матч “Брэмолл Лэйн” стадионында өтеді.
Екі команда да АПЛ-ға шығу үшін қызу күрес жүргізуде, сондықтан бізді тартысты матч күтіп тұр.
Шеффилд Юнайтед – Сандерленд: негізгі статистика мен трендтер
• “Шеффилд Юнайтед” қатарынан 6 матчта жеңіліссіз ойнауда
• “Сандерленд” соңғы 5 матчта қатарынан тең нәтиже көрсеткен
Шеффилд Юнайтед – команданың жағдайын талдау
Өткен маусымда команда АПЛ-де ойнағанымен, жаңа маусымды Чемпионшипте бастады және маусымды сәтті бастады. “Шеффилд” 17 матчта 35 ұпай жинап, турнир кестесінде 2-орында тұр. Олар “Лидспен” ұпай саны бойынша тең, тек қосымша көрсеткіштермен артта.
Соңғы ойында Крис Уайлдердің шәкірттері өз алаңында “Оксфордты” 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, жеңіліссіз сериясын 6 матчқа дейін ұзартты.
Сандерленд – команданың жағдайын талдау
2023/24 маусымындағы бапкерлер ауысымынан кейін “Сандерленд” осы маусымда өзіне қолайлы жаттықтырушыны тапқан сияқты. Режим Ле Бридің басшылығымен “қара мысықтар” Чемпионшиптің турнир кестесінде 4-орында тұр және “Шеффилд Юнайтед” пен “Лидстен” небәрі 2 ұпайға артта. Бұл айырмашылық Чемпионшип үшін аса маңызды емес.
Өткен аптада “Сандерленд” өз алаңында “Вест Бромды” қабылдап, матчты 0:0 есебімен аяқтады. Иә, команда қатарынан 10 матчта жеңіліссіз келе жатыр, бірақ соңғы 5 ойынның барлығы тең аяқталды.
Шеффилд Юнайтед – Сандерленд: болжамды негізгі құрамдар
Шеффилд Юнайтед (болжамды құрам): Купер – Берроуз, Ахмедходжич, Суттар, Гилкрист – Арбластер, Винисиус, Хамер, О’Хэр, Рак-Сакьи – Кэмпбелл.
Сандерленд (болжамды құрам): Мур – Серкин, Мифем, О’Нин, Хьюм – Мандл, Браун, Нил, Робертс – Изидор, Ригг.
Шеффилд Юнайтед – Сандерленд: жеке кездесулер
Бұл Англиядағы ең ұзаққа созылған қарсыласулардың бірі. Командалар 146 рет кездесіп, “Сандерленд” 66 матчта жеңіске жетсе, “Шеффилд Юнайтед” 54 рет жеңген. Соңғы 5 кездесудің 4-еуінде “Шеффилд” жеңіске жетіп, тек 1 матчта ұтылған.
Матчқа болжам
Командалар алдыңғы матчтардан кейін шаршаңқы болып, бізге голға бай ойын сыйлауы екіталай. Сондықтан “Тотал 2.5-тен төмен” бәсін 1.67 коэффициентімен қоюды орынды деп есептейміз.
1.54
Англия Премьер-Лигасы
27 жел 2024, 14:30
1.88
Бельгия про-лигасы
27 жел 2024, 14:45
1.99
Португалия Примейра-лигасы
27 жел 2024, 15:15
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 | Кайрат | 24 | 47 |
2 | Астана | 24 | 46 |
3 | Актобе | 24 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 35 |
8 | Кайсар | 24 | 34 |
9 | Кызылжар | 24 | 29 |
10 | Женіс | 24 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 23 |
12 | Туран | 24 | 20 |
13 | Шахтёр Караганды | 24 | 10 |