РБ Лейпциг – Спортинг: 2025 жылдың 22 қаңтарындағы матчқа болжам







Чемпиондар лигасының 7-туры аясында “РБ Лейпциг” өз алаңында “Спортингке” қарсы ойын өткізеді. Кездесу “Ред Булл Арена” стадионында өтеді.
Күтпеген жағдай: қонақтар турнир кестесінде алаң иелерінен әлдеқайда жоғары орында тұр.
“РБ Лейпциг” – “Спортинг”: негізгі статистика мен трендтер
• “РБ Лейпциг” қатарынан 9 матчта гол соғып келеді.
• “Спортинг” соңғы 8 матчтың бірде-бірінде негізгі уақытта жеңілмеген.
“РБ Лейпциг” – команда жағдайын талдау:
“Лейпциг” бұл маусымды сәтсіз өткізіп жатыр. Тіпті Марко Розенің орнынан кету қаупі де туындауы мүмкін. Қазіргі таңда команда Германия чемпионатында 18 матчта 31 ұпай жинап, турнир кестесінде 5-орында тұр. Чемпиондар лигасына өту аймағынан бар болғаны 1 ұпай артта қалуда.
Алайда Чемпиондар лигасындағы нәтижелер көңіл көншітпейді: “Атлетико” (1:2), “Ювентус” (2:3), “Ливерпуль” (0:1), “Селтик” (1:3), “Интер” (0:1), “Астон Вилла” (2:3) командаларымен кездесулерде бірде-бір ұпай ала алмады. Осылайша, жалпы рейтингте 34-орынға түсіп, плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды.
Соңғы ойында “РБ Лейпциг” “Бохумға” қарсы кездесуде сырт алаңда жеңісті жіберіп алды. 3:0 есебімен алда тұрса да, екінші таймда Майрон Боаду үш гол соғып, матч 3:3 есебімен тең аяқталды.
“Спортинг” – команда жағдайын талдау
Руй Боржеш Рубен Аморимнің орнына келгеннен кейін команда тізгінін сәтті алып келеді. Қазіргі уақытта “арыстандар” Португалия чемпионатында 44 ұпай жинап, көш басында тұр. Бірақ “Бенфика” командасынан небәрі 3 ұпайға ғана алда.
Еуропалық басты турнирде де көрсеткіштері жаман емес: “Лилль” (2:0), “Штурм” (2:0), ПСВ (1:1), “Ман Сити” (4:1), “Арсенал” (1:5) және “Брюгге” (1:2) қарсы матчтарда 10 ұпай жинады. Бұл нәтиже жалпы рейтингте 17-орында болуға және плей-офф аймағындағы қарсыластарынан 2 ұпай алда болуға мүмкіндік беріп отыр.
Соңғы ойында “Спортинг” сырт алаңда “Риу Авені” 3:0 есебімен ойсырата жеңді.
“РБ Лейпциг” – “Спортинг”: болжалды құрамдар
РБ Лейпциг (болжамды құрамы): Гулачи – Баку, Сейвальд, Орбан, Гертрюйда – Нуса, Кампль, Айдара, Баумгартнер – Опенда, Нуса.
Спортинг Лиссабон (болжамды құрамы): Исраэль – Инасиу, Диоманде, Дебаст – Араухо, Катамо, Тринкау, Юлманд, Морита, Кенда – Дьокереш.
“РБ Лейпциг” – “Спортинг”: жеке кездесулер
Бұл матч командалардың алғашқы бетпе-бет кездесуі болмақ.
Матчқа болжам
Командалардан нәтижелі ойын күтіледі. Жалпы есеп 2.5-тен жоғары болады дегенге 1.61 коэффициентпен бәс тігуге болады.
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 |
![]() |
2 | 4 |
2 |
![]() |
2 | 4 |
3 |
![]() |
2 | 4 |
4 |
![]() |
2 | 4 |
5 |
![]() |
2 | 3 |
6 |
![]() |
2 | 3 |
7 |
![]() |
2 | 3 |
8 |
![]() |
2 | 3 |
9 |
![]() |
2 | 2 |
10 |
![]() |
2 | 2 |
11 |
![]() |
2 | 1 |
12 |
![]() |
2 | 1 |
13 |
![]() |
2 | 1 |
14 |
![]() |
2 | 1 |