Престон – Астон Вилла: 2025 жылдың 30 наурызындағы матчқа болжам







Жексенбі, 30 наурыз күні Англия кубогының 1/4 финалы аясында «Престон» өз алаңында «Астон Вилланы» қабылдайды. Кездесу «Дипдейл» стадионында өтеді.
Престон – команда жағдайын талдау
Чемпионшиптің ортаңғы турнирлік тобына жататын «Престон» бұл маусымды тарихи етуге бір қадам қалды: Уэмблиге шығуға небәрі бір жеңіс жетіспейді.
38 турдан кейін команда 47 ұпай жинап, 14-орынға жайғасқан. Бұл – бір жағынан плей-офф үшін таластан алыс, екінші жағынан төменгі лигаға түсу қаупі жоқ. Кубоктың өткен кезеңінде олар «Бернлиді» 3:0 есебімен тас-талқан етті. Бұған дейін де бірнеше төменгі лига өкілін жарыстан шығарған.
Астон Вилла – команда жағдайын талдау
Премьер-лигада еурокубоктық орындар үшін таласып жатқан «Астон Вилла» Англия кубогы мен Чемпиондар лигасында да өнер көрсетіп жүр.
ЧЛ жолдамасы қиын мақсат болғанымен, Кубок жолындағы мүмкіндіктері өте жоғары. Бұл жұпта бирмингемдік ұжым – анық фаворит. Эмери шәкірттері үшін бұл кезеңде көп күш жұмсаудың қажеті жоқ, әсіресе тығыз Премьер-лига күнтізбесін ескерсек. Қазір команда АПЛ-да 29 турдан кейін 45 ұпаймен 9-орында тұр.
Престон – Астон Вилла: негізгі статистика
• «Астон Вилла» соңғы 5 матчтың 4-інде жеңіске жетті
• «Престон» соңғы 5 матчта 2 рет жеңіп, 2 рет тең түсіп, 1 рет жеңілді
• «Астон Вилла» жеңіске жеткен соңғы 4 матчта тек 1 гол жіберіп алған
Престон – Астон Вилла: жеке кездесулер
Командалар бұған дейін 6 рет кездесті: әрқайсысы бір-бір рет жеңіске жетіп, қалған 4 матч тең аяқталған.
Престон – Астон Вилла: болжамды құрамдар
Престон: Вудман, Кеслер, Гибсон, Линдси, Маккэнн, Тоурдарсон, Поттс, Ледсон, Брэйди, Осмайич, Кин
Астон Вилла: Мартинес, Конса, Матсен, Богард, Гарсия, Макгинн, Тилеманс, Рашфорд, Асенсио, Бейли, Уоткинс
Матчқа болжам
Бұл матчта «Астон Вилла» өзінің класын көрсетуі тиіс. Сондықтан біз қонақтардың жеңісіне және ойында кемі 2 гол болатынына сенім артамыз. «Астон Вилланың» жеңісі және тотал 1.5-тен жоғары бәсті ұсынамыз. Коэффициент – 1.74.

2.4

Қазақстан Кубогы
Бүгін, 09:00

1.56

Қазақстан Кубогы
Бүгін, 09:00

1.51

Қазақстан Кубогы
Бүгін, 11:00
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 |
![]() |
10 | 26 |
2 |
![]() |
8 | 19 |
3 |
![]() |
9 | 18 |
4 |
![]() |
8 | 17 |
5 |
![]() |
8 | 14 |
6 |
![]() |
8 | 14 |
7 |
![]() |
8 | 13 |
8 |
![]() |
8 | 11 |
9 |
![]() |
8 | 11 |
10 |
![]() |
9 | 5 |
11 |
![]() |
8 | 4 |
12 |
![]() |
8 | 4 |
13 |
![]() |
10 | 3 |
14 |
![]() |
8 | 2 |









