«Ордабасы» – «Елімай»: 2025 жылдың 15 маусымындағы матчқа болжам







Қазақстан Премьер-лигасының 12-туры аясында Шымкентте жергілікті «Ордабасы» өз алаңында «Елімайды» қабылдайды. Матч Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді.
Турнирлік кестеде қатар орналасқан көршілердің кездесуі қызу тартысқа толы болмақ.
«Ордабасы» – «Елімай»: негізгі статистика мен трендтер
• «Ордабасы» соңғы 7 үй матчында «екі команда да гол соғады» деген бәс өтпеген
• «Елімай» қатарынан 3 сырт алаң ойынында жеңіске жете алмай жүр
«Ордабасы»: команда жағдайын талдау
Көктемнің ортасында жақсы қарқын алған «Ордабасы» мамыр айының соңына қарай сол баяғы тұрақсыз қалпына қайта оралды. Бұл тұрақсыздық турнир кестесіне де әсер етті — 10 матчта 15 ұпай жинаған команда қазіргі таңда 7-орында тұр.
Соңғы турда шымкенттіктер сырт алаңда «Жеңіспен» 2:2 есебімен тең ойнады. Екі команда да матчтың бір бөлігін 10 ойыншымен өткізіп, «Ордабасы» 90-минутта есепті теңестіріп кетті.
«Елімай»: команда жағдайын талдау
Семейлік клуб та маусымның алғашқы бөлігінде сенімді көрінгенімен, соңғы кездесулерде ұпай жоғалта бастады. Қазір «Елімай» 11 матчта 17 ұпай жинап, 6-орында келеді. Медальдарға таласу мүмкін бе? Әзірге бұл сұраққа нақты жауап жоқ, бірақ үміт үзілмеген.
Өткен турда семейліктер өз алаңында «Астанадан» 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
«Ордабасы» – «Елімай»: ықтимал құрамдар
«Ордабасы»: Шайзада – Сұлтанязов, Антич, Астанов, Эвертон – Сұлтанязов, Жимо, Малый – Мудрак, Тұңғышбаев, Халматов
«Елімай»: Коваль – Ролон, Майком, Корзун, Тұғарев – Тілыбай, Жұмаханов, Флореску – Мулич, Одеоибо, Чаласан
«Ордабасы» – «Елімай»: жеке кездесулер
«Елімай» тарихта әлі бірде-бір рет «Ордабасыны» жеңіп көрген жоқ: 4 кездесудің екеуінде шымкенттіктер жеңіске жетсе, қалған екеуі тең нәтижемен аяқталған. Қызығы, бұл матчтардың үшеуінде «екі команда да гол соғады» деген бәс сәтті өткен.
Матчқа болжам
Тарих пен командалардың қазіргі қарқынына сүйенсек, бұл ойында екі жақ та гол соғуы ықтимал. Болжамымыз – «Екі команда да гол соғады», коэффициент – 1.92.
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 |
![]() |
16 | 37 |
2 |
![]() |
16 | 36 |
3 |
![]() |
16 | 32 |
4 |
![]() |
14 | 31 |
5 |
![]() |
15 | 24 |
6 |
![]() |
15 | 24 |
7 |
![]() |
14 | 20 |
8 |
![]() |
15 | 17 |
9 |
![]() |
15 | 16 |
10 |
![]() |
15 | 13 |
11 |
![]() |
16 | 13 |
12 |
![]() |
15 | 12 |
13 |
![]() |
15 | 11 |
14 |
![]() |
17 | 5 |