Ньюкасл – Ливерпуль: 2024 жылдың 5 желтоқсанында өтетін матчқа болжам
АПЛ-дың 14-турында “Ньюкасл” өз алаңында “Ливерпульді” қабылдайды. Матч Ньюкаслдағы “Сент-Джеймс Парк” стадионында өтеді.
Маусым басында қос команда Чемпиондар лигасы аймағы үшін күреседі деп күтілген еді. Алайда олар жанкүйерлерді әртүрлі жағынан таңғалдырды.
Ньюкасл – Ливерпуль: маңызды статистика мен трендтер
• “Ньюкасл” соңғы 11 матчтың төртеуінде жеңіске жетті.
• “Ливерпуль” қатарынан 16 матчта жеңіліссіз.
• “Ливерпуль” 7 матч қатарынан жеңіске жетіп келеді.
“Ньюкасл” – команда жағдайын талдау
Эдди Хау шәкірттері маусым басталар алдында Чемпиондар лигасы аймағына үміткер саналған болатын. Алайда, қазіргі таңда олар бұл үмітті толық ақтай алмай отыр. Команда турнир кестесінде 14 гол соғып, 14 гол жіберіп, 11-орында орналасқан. Олар қалаған 4-орыннан бар болғаны 4 ұпайға қалып келеді.
Өткен демалыста “Ньюкасл” сырт алаңда “Кристал Пэласқа” қарсы ойында күтпеген жерден ұпай жоғалтты – матч 1:1 есебімен аяқталды, ал олар 90+4 минутта гол жіберіп алды.
“Ливерпуль” – команда жағдайын талдау
Арне Слот қысқа уақыт ішінде “қызылдарды” әлемдегі ең мықты командаға айналдырды десе болады. “Ливерпуль” АПЛ-дың да (13 матчта 34 ұпай) және Чемпиондар лигасының да (5 турда 15 ұпай) турнирлік кестесін басқарып тұр. Команда қорғаныста да керемет өнер көрсетуде – АПЛ-да небәрі 8 гол жіберді.
Соңғы матчта “Ливерпуль” “Манчестер Ситимен” чемпиондық бәсекелестіктегі маңызды ойында 2:0 есебімен жеңіске жетіп, “қалалықтардан” 11 ұпай алшақтады.
“Ньюкасл”: команда жаңалықтары
“Ньюкасл” сапынан келесі матчқа екі негізгі шабуылшысы – Александр Исак пен Каллум Уилсон қатыспауы мүмкін. Сондай-ақ “Ливерпульге” қарсы үш ойыншы нақты ойнамайды: Свен Ботман, Эмиль Крафт және Джамал Ласселс.
“Ливерпуль”: команда жаңалықтары
“Ливерпульдің” жарақат алған ойыншыларының саны артты. Алиссон, Федерико Кьеза және Диогу Жота жарақатынан әлі айықпаған, енді оларға Костас Цимикас, Конор Брэдли және Ибраима Конате қосылды.
Ньюкасл – Ливерпуль: мүмкін негізгі құрамдар
Ньюкасл (мүмкін құрам): Поуп – Холл, Келли, Шер, Ливраменто – Уиллок, Бруно Гимараэш, Лонгстафф – Гордон, Мерфи, Жоэлинтон.
Ливерпуль (мүмкін құрам): Келлехер – Робертсон, ван Дейк, Гомес, Трент – Джонс, Гравенберх, Гакпо, Собослаи, Салах – Нуньес.
Ньюкасл – Ливерпуль: алдыңғы матчтар
Қос команда арасында 185 матч өткен. Жеңістер саны бойынша “Ливерпуль” айқын көшбасшы (92), ал “Ньюкаслдың” еншісінде 49 жеңіс бар. “Қызылдар” соңғы 6 матчта “Ньюкаслды” жеңіп келеді. Жалпы, “Ньюкасл” “Ливерпульді” соңғы рет 2015 жылы жеңді.
Матчқа болжам
Букмекерлер “Ливерпульдің” жеңісіне толық сенбегенімен, біз олардың жеңісіне сенеміз. Бұл нәтиже үшін 1.80 коэффициентімен бәс жасауды ұсынамыз.
2.02
Ла Лига Испания
Бүгін, 15:00
1.64
Англия Премьер-Лигасы
Бүгін, 15:15
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 | Кайрат | 24 | 47 |
2 | Астана | 24 | 46 |
3 | Актобе | 24 | 43 |
4 | Ордабасы Шымкент | 24 | 42 |
5 | Тобол | 24 | 39 |
6 | Спартак Семей | 24 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 35 |
8 | Кайсар | 24 | 34 |
9 | Кызылжар Петропавловск | 24 | 29 |
10 | Женис | 24 | 24 |
11 | Жетысу Талды-Курган | 24 | 23 |
12 | Туран | 24 | 20 |
13 | Шахтёр Караганды | 24 | 10 |