Манчестер Юнайтед – Саутгемптон: 2025 жылдың 17 қаңтарындағы матчқа болжам







АПЛ-дың 21-турында “Манчестер Юнайтед” өз алаңында “Саутгемптонмен” кездеседі. Матч “Олд Траффорд” стадионында өтеді.
Екі команда үшін де бұл маусым сәтсіз өтуде, дегенмен олардың нәтижелері әртүрлі деңгейде.
“Манчестер Юнайтед” – “Саутгемптон”: негізгі статистика және трендтер
• “Манчестер Юнайтед” қатарынан 10 матчта гол жіберіп алды.
• “Саутгемптон” соңғы 10 АПЛ матчында бірде-бір рет жеңіске жеткен жоқ.
“Манчестер Юнайтед” – команда жағдайын талдау
Рубен Аморим “қызыл сойқандар” жанкүйерлерінің үмітін ақтай алмай келеді, бірақ португалиялық маманға әлі де үлкен сенім бар, сондықтан оның қызметтен кетуі әлі күн тәртібінде тұрған жоқ. Қазір команда АПЛ турнирлік кестесінде 20 матчтан кейін 23 ұпаймен 14-орында тұр. Топ-6 аймағынан олар 12 ұпай артта, бірақ қосымша бір ойыны бар.
Соңғы матчта “Манчестер Юнайтед” жанкүйерлерін қуантты – Англия Кубогында сырт алаңда “Арсеналды” жеңіп, 1:1 есебімен аяқталған негізгі және қосымша уақыттан кейін пенальти сериясында 5:3 нәтижесімен басым түсті.
“Саутгемптон” – команда жағдайын талдау
“Әулиелер” маусым ішінде бапкер ауыстырды: Рассел Мартиннің орнына Иван Юрич келді. Хорват маманның жетекшілігімен команда 5 матч өткізіп, соның біреуінде ғана жеңіске жетті – соңғы матчта Англия Кубогының 1/32 финалында чемпионшиптік “Суонсиді” 3:0 есебімен жеңді. Қазіргі таңда “Саутгемптон” АПЛ-дың турнир кестесінде 20 матчтан кейін 6 ұпаймен соңғы орында тұр, ал 17-орыннан 10 ұпайға артта қалуда.
“Манчестер Юнайтед” – “Саутгемптон”: болжамды құрамдар
Манчестер Юнайтед (болжамды құрамы): Онана – Мартинес, де Лигт, Йоро – Диогу Далот, Мазрауи, Гарначо, Каземиро, Майну, Диалло – Хейлунд.
Саутгемптон (болжамды құрамы): Маккарти – Мэннинг, Беднарек, Харвуд-Беллис, Уокер-Питерс – Фернандеш, Угочукву, Арибо, Диблинг – Сулемана, Армстронг.
“Манчестер Юнайтед” – “Саутгемптон”: жеке кездесулер
МЮ “Саутгемптонға” қарсы ойындардың жартысынан көбінде жеңіске жеткен – 134 кездесудің 69-ы. “Әулиелердің” еншісінде бар болғаны 28 жеңіс. Айта кетсек, “Манчестер Юнайтед” соңғы рет “Саутгемптонға” 2016 жылы жеңілді.
Матчқа болжам
Бұл кездесуде “Екі команда да гол соғады” деген бәске тәуекел жасауға болады (коэффициент – 1.89).
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 |
![]() |
6 | 14 |
2 |
![]() |
5 | 11 |
3 |
![]() |
5 | 11 |
4 |
![]() |
5 | 10 |
5 |
![]() |
5 | 10 |
6 |
![]() |
5 | 7 |
7 |
![]() |
5 | 7 |
8 |
![]() |
5 | 5 |
9 |
![]() |
5 | 5 |
10 |
![]() |
5 | 4 |
11 |
![]() |
5 | 3 |
12 |
![]() |
5 | 3 |
13 |
![]() |
6 | 3 |
14 |
![]() |
5 | 2 |