locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Манчестер Юнайтед – Лион: 2025 жылдың 11 сәуіріндегі матчқа болжам

Еуропа Лигасы
17 сәу 2025, 15:00 Аяқталды
Манчестер Юнайтед
Манчестер Юнайтед
5 : 4
Лион
Лион
Халықаралық, Manchester, Олд Траффорд
Шолу Матчтың егжей-тегжейі Құрамдар H2H Турнир торабы Бәстер Болжам
Самат Закирин
Самат Закирин
Сарапшы
Матчқа болжам Манчестер Юнайтед Лион
Манчестер Юнайтед – Лион: 2025 жылдың 11 сәуіріндегі матчқа болжам
Манчестер Юнайтед
Манчестер Юнайтед
Матч болжамы
Ж1(+1.0)
Коэф.
1.71
Сайтқа өту

Еуропа лигасының ширек финалындағы жауапты кездесуде «Манчестер Юнайтед» өз алаңында француздық «Лионды» қабылдайды. Матч атақты «Олд Траффорд» стадионында өтеді.

Алғашқы ойында жеңімпаз анықталмағандықтан, бұл жұптың фаворитін айту өте қиын.

Манчестер Юнайтед – Лион: негізгі статистика мен трендтер

• «Манчестер Юнайтед» қатарынан 4 матчта жеңіске жете алмай жүр
• МЮ өз алаңында соңғы 5 матчта негізгі уақытта жеңілмеген
• «Лион» қатарынан 15 матчта гол соғып келеді
• «Лион» соңғы 5 сырт алаң ойынының тек біреуінде ғана жеңілген

Манчестер Юнайтед – команда жағдайын талдау

Рубен Аморим баптайтын команда АПЛ-дың өткен турында нағыз масқараға ұшырады: сырт алаңда «Ньюкаслдан» 1:4 есебімен жеңілді. Бұл нәтиже «қызыл сойқандарды» турнирлік кестеде 14-орынға түсіріп, ұлттық біріншілік арқылы еурокубоктарға шығу үмітін толығымен жойды. Қазіргі таңда команда 32 турдан кейін 38 ұпаймен 7-орыннан 16 ұпай қалып келеді.

Еуропа лигасының негізгі кезеңінде МЮ 8 матчта 18 ұпай жинады: «Твенте» (1:1), «Порту» (3:3), «Фенербахче» (1:1), ПАОК (2:0), «Буде/Глимт» (3:2), «Виктория Пльзень» (2:1), «Рейнджерс» (2:1), «Стяуа» (2:0). Жалпы есепте 3-орын. 1/8 финалда «Реал Сосьедадты» 5:2 есебімен жарыстан шығарды.

Лион – команда жағдайын талдау

Паулу Фонсека баптайтын «Лион» маусымды өте жақсы өткізіп жатыр. Қазіргі таңда команда Франция чемпионатының турнирлік кестесінде 29 турдан кейін 51 ұпаймен 4-орында тұр. Бұл орын ЧЛ іріктеу ойынына қатысуға мүмкіндік береді. Ал топ-3-ке ену үшін «Марсельден» небәрі 1 ұпайға қалып келеді.

Соңғы матчта «Лион» сырт алаңда «Осерді» 3:1 есебімен оңай жеңді.

Еуропа лигасының негізгі кезеңінде команда 8 матчта 15 ұпай жинады «Олимпиакос» (2:0), «Рейнджерс» (4:1), «Бешикташ» (0:1), «Хоффенхайм» (2:2), «Карабах» (4:1), «Айнтрахт» (3:2), «Фенербахче» (0:0), «Лудогорец» (1:1). Жалпы есепте 6-орын. 1/8 финалда «Стяуаны» 7:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Манчестер Юнайтед – Лион: болжамды құрамдар

МЮ: Онана – Магуайр, де Лигт, Йоро – Диогу Далот, Мазрауи, Гарначо, Каземиро, Доргу, Бруну – Хейлунд

Лион: Лукас Перри – Тальяфико, Чалета-Цар, Омари, Мэйтленд-Найлз – Верету, Тессманн, Шерки, Альмада, Толиссо – Микаутадзе

Манчестер Юнайтед – Лион: жеке кездесулер

«Лион» әлі күнге дейін ресми матчтарда «Манчестер Юнайтедті» жеңіп көрмеген. Бұған дейін 6 рет кездесіп, 3 ойында ағылшындар жеңіске жетсе, тағы 3 матч тең нәтижемен аяқталған. Қызығы, бұл кездесулердің төртеуінде «Екі команда да гол соғады» деген бәсі шықты.

Биылғы маусымдағы алғашқы матч 2:2 есебімен тең аяқталды.

Матчқа болжам

Біз МЮ-ге аса сенбейміз, дегенмен тәуекелді азайту үшін «Лионның жеңісі +1.0 форамен» деген қауіпсіз нұсқаны таңдаған жөн. Коэффициент – 1.71.

Турнирлер статистикасы
Команда О Ұ
1 Логотип Астана Астана 13 30
2 Логотип Кайрат Кайрат 13 27
3 Логотип Актобе Актобе 13 26
4 Логотип Тобыл Тобыл 11 24
5 Логотип Окжетпес Окжетпес 12 20
6 Логотип Елімай Елімай 12 18
7 Логотип Ордабасы Ордабасы 11 16
8 Логотип Кызылжар Кызылжар 12 14
9 Логотип Кайсар Кайсар 13 12
10 Логотип Туран Туран 12 11
11 Логотип Улытау Улытау 12 11
12 Логотип Женіс Женіс 12 10
13 Логотип Жетісу Жетісу 12 10
14 Логотип Атырау Атырау 14 4
Шолу
Соңғы жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie