locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Ливерпуль – Реал Мадрид: 2024 жылғы 28 қарашадағы матчқа болжам

Чемпиондар Лигасы
Бүгін, 15:00
Ливерпуль
Ливерпуль
- : -
Реал Мадрид
Реал Мадрид
Халықаралық, Liverpool, Энфилд
Шолу H2H Турнир кестесі Бәстер Болжам
МакSим Абрамович
МакSим Абрамович
sports24 сарапшы
Матчқа болжам Ливерпуль Реал Мадрид
Ливерпуль – Реал Мадрид: 2024 жылғы 28 қарашадағы матчқа болжам
Ливерпуль
Ливерпуль
Матч болжамы
Жеңіс Ливерпуль
1xBet
Коэф.
1.91
Бәс тігу

Чемпиондар лигасының 5-турында “Ливерпуль” өз алаңында “Реалды” қабылдайды. Кездесу “Энфилд” стадионында өтеді.

Қазір алаң иелері керемет формада және Чемпиондар лигасының жалпы кестесін сенімді түрде бастап тұр. Ал мадридтіктер, керісінше, күткен деңгейден төмен ойнауда.

“Ливерпуль” – “Реал”: негізгі статистика мен трендтер

• “Ливерпуль” қатарынан 5 матчта жеңіске жетіп келеді.
• “Ливерпуль” соңғы 14 ойында жеңілмеді.
• “Реал” соңғы 3 матчтың барлығында гол соқты.

“Ливерпуль” – команданың жағдайын талдау:

Арне Слоттың басшылығымен команда керемет ойынымен ерекшеленуде. Мерсисайдтықтар Англия Премьер-лигасының турнир кестесінде 12 ойыннан кейін 33 ұпай жинап, көш бастап тұр. Олардың “Манчестер Ситиден” 8 ұпай артық, ал қорғаныс шебі ең үздік – тек 8 гол жіберген.

Чемпиондар лигасында да жағдай тамаша: “Милан” (3:1), “Болонья” (2:0), “РБ Лейпциг” (1:0) және “Байер” (4:0) командаларына қарсы 100% нәтиже көрсетті. Қазір “қызылдар” жалпы есепте көшбасшы.

Өткен демалыста мерсисайдтықтар “Саутгемптонға” қарсы ойынның 82-минутында Салахтың жеңіс добымен 3:2 есебінде жеңіске жетті.

“Реал” – команданың жағдайын талдау:

“Корольдік клуб” соңғы матчтарда сенімді ойнағанымен, қарсыластары әлсіз болды. Ла Лигада команда 13 матчтан кейін 30 ұпаймен 2-орында. Егер кейінге қалдырылған матчта жеңіске жетсе, “Барселонадан” тек 1 ұпай артта қалады.

Алайда, Мадрид үшін басты еурокубоктағы жағдай көңіл көншітпейді. “Реал” плей-оффқа шығу үшін қосымша ойындар өткізуі мүмкін, себебі “Штутгарт” (3:1), “Лилль” (0:1), “Боруссия” Д (5:2) және “Миланға” (1:3) қарсы матчтарда небәрі 6 ұпай ғана жинады.

Соңғы ойында “Реал” “Леганеске” қарсы 3:0 есебінде сенімді жеңіске жетті, қарсыласы мүлде қарсылық көрсете алмады.

“Ливерпуль”: команданың жаңалықтары

Бұл маңызды матчта мерсисайдтықтарға Алиссон, Трент және Диого Жота көмектесе алмайды. Сонымен қатар, Федерико Кьеза мен Костас Цимикас та жарақат алып, алаңға шығуы екіталай.

“Реал”: команданың жаңалықтары

“Реалдың” құрамына бұл жолы Давид Алаба, Даниэль Карвахаль, Эдер Милитао, Лукас Васкес, Орельен Чуамени, Родриго және Винисиус кірмеді. Карло Анчелоттидің жағдайы расымен қиын.

“Ливерпуль” – “Реал”: ықтимал негізгі құрамдар

Ливерпуль (ықтимал құрам): Келлехер – Робертсон, ван Дейк, Конате, Брэдли – Мак Аллистер, Гравенберх, Собослай – Гакпо, Диас, Салах.

Реал Мадрид (ықтимал құрам): Куртуа – Менди, Рюдигер, Асенсио, Вальверде – Беллингем, Модрич, Себальос, Камавинга – Эндрик, Мбаппе.

“Ливерпуль” – “Реал”: жеке кездесулер

Бұл кездесуді еуропалық классика деп атауға болады. Екі команда 13 рет кездескен: “Ливерпульдің” 3 жеңісі, “Реалдың” 9 жеңісі бар. Мерсисайдтықтар соңғы рет “Реалды” 2009 жылы жеңгенін ескерсек, олардың жағдайы аса жақсы емес.

Матчқа болжам

“Реалдың” барлық қиындықтарын ескерсек, “Энфилд” өз алаңында өтетін матчта “Ливерпуль” жеңіске жетеді деп сенеміз. Тәуекелге барып, “Ливерпульдің” жеңісіне 1.91 коэффицентпен бәс қоюға болады.

Турнирлер статистикасы
Команда О Ұ
1 Кайрат Кайрат 24 47
2 Астана Астана 24 46
3 Актобе Актобе 24 43
4 Ордабасы Шымкент Ордабасы Шымкент 24 42
5 Тобол Тобол 24 39
6 Спартак Семей Спартак Семей 24 37
7 Атырау Атырау 24 35
8 Кайсар Кайсар 24 34
9 Кызылжар Петропавловск Кызылжар Петропавловск 24 29
10 Женис Женис 24 24
11 Жетысу Талды-Курган Жетысу Талды-Курган 24 23
12 Туран Туран 24 20
13 Шахтёр Караганды Шахтёр Караганды 24 10
Толық кесте
Танымал болжамдар
Футбол Бүгін, 15:00
Ливерпуль – Реал Мадрид: 2024 жылғы 28 қарашадағы матчқа болжам
Ливерпуль
Реал Мадрид
1.91
Барлық болжамдар
Соңғы жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie