Лестер – Вулверхэмптон: 2024 жылғы 22 желтоқсандағы матчқа болжам
Ағылшын премьер-лигасының (АПЛ) 17-ші туры аясында “Лестер” өз алаңында “Вулверхэмптонды” қабылдайды. Матч “Кинг Пауэр Стэдиум” стадионында өтеді.
Екі команда да осы маусымда үлкен жетістіктерге үміт артқанымен, шынайы өмір оларды қиын жағдайға тап қылды.
Лестер – Вулверхэмптон: негізгі статистика мен трендтер
• “Лестер” соңғы 9 матчтың тек біреуінде жеңіске жетті.
• “Вулверхэмптон” қатарынан 4 матчта жеңіліс тапты.
Лестер: команда жағдайын талдау
Руд ван Нистелрой шектеулі мүмкіндіктерге қарамастан, командаға қызықты ойын стилін құруға тырысып келеді, бірақ әзірге нәтиже тұрақсыз. Қазіргі уақытта “түлкілер” 16 турдан кейін 14 ұпаймен турнир кестесінде 17-орында тұр. Олар төменгі орыннан 2 ұпайға алда, бірақ қосымша бір матчы бар.
Өткен демалыста “Лестер” “Ньюкаслға” қонаққа барып, 0:4 есебімен масқара жеңіліспен қайтты.
Вулверхэмптон: команда жағдайын талдау
Гари О’Нил қызметінен босатылды, оның орнын Витор Ферейра басты. О’Нил командасын АПЛ турнир кестесінде 16 турдан кейін 9 ұпаймен 19-орынға жеткізді. Құтқарылатын 17-орыннан (яғни “Лестерден”) 5 ұпай артта қалды.
Соңғы турда “Вулверхэмптон” өз алаңында “Ипсвичтен” 1:2 есебімен жеңіліп, 90+4 минутта гол жіберді. Осыдан кейін О’Нилмен қоштасуға шешім қабылданды.
Лестер – Вулверхэмптон: мүмкін болатын құрамдар
Лестер: Хермансен – Кристиансен, Вестергор, Коуди, Джастин – Сумаре, Скипп, Айю, Эль-Ханнус, Макатир – Варди
Вулверхэмптон: Джонстон – Гомеш, Буэно, Семеду – Дойл, Матеус Кунья, Гомес, Лемина, Андре, Доэрти – Ларсен
Лестер – Вулверхэмптон:жеке кездесулер
Бұл қарсыластықта командалар бір-біріне теңдей қарсылас болып келеді – 122 кездесуде “Вулверхэмптон” 45 жеңіске жетсе, “Лестер” 41 рет жеңген. Алайда соңғы екі матчта жеңіс “Лестердің” еншісінде болды.
Матчқа болжам
Екі команда да қорғанысқа шегінуді ұнатпайды, сондықтан екі жақтан да голдар көретінімізге сенімдіміз. “Екі команда да гол соғады” деген бәске тоқталамыз. Коэффициент – 1.55.
1.73
Англия Премьер-Лигасы
Бүгін, 09:00
1.6
Англия Премьер-Лигасы
Бүгін, 09:00
2.12
Англия Премьер-Лигасы
Бүгін, 09:00
Команда | О | Ұ | |
---|---|---|---|
1 | Кайрат | 24 | 47 |
2 | Астана | 24 | 46 |
3 | Актобе | 24 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 35 |
8 | Кайсар | 24 | 34 |
9 | Кызылжар | 24 | 29 |
10 | Женіс | 24 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 23 |
12 | Туран | 24 | 20 |
13 | Шахтёр Караганды | 24 | 10 |